ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛГЕН НАСЫБАЙГҮЛ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЭФИР МАЙЛАРЫН АНЫҚТАУ

Алынды: 31.01.2023/ Қабылданды: 24.11.2023/ Онлайн жарияланды: 29.12.2023
УДК 615.322
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.24.51.034

М.К. ИСМАИЛ-ОГЛЫ 1, Р.Е. БОТАБАЕВА 2, У.С. АЛИМОВА 3, Ж.К. ШИМИРОВА 2, К.Е. АРЫСТАНБАЕВ 2, Н.Е. КОНАШ 3
1М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
2«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
3«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛГЕН
НАСЫБАЙГҮЛ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЭФИР МАЙЛАРЫН
АНЫҚТАУ

Түйін. Қазіргі кезде зең саңырауқұлағы инфекциясын емдеуде маңызды шешілмеген мәселелер бар.
Айта кетсек, әлемдік фармацевтикалық нарықтағы зең саңырауқұлаққа қарсы препараттардың
көбісі синтетикалық дәрілік заттар болып келеді, мұндай дәрілік заттарды қолданған кезде көптеген қарсы көрсеткіштер байқалады, атап айтқанда жеке төзімсіздік, ауыр жанама әсерлер. Тағы бір мәселе, нарықта бар препараттардың зең саңырауқұлақтарына қарсы тиімділігі төмен,
олардың штамдары уақыт өте келе осы препараттарға төзімділік танытады. Осыған байланысты организмге жоғары әсер көрсететін төмен уытты тиімді фитоқұралдарды іздеу және зерттеу өзекті болып келеді.
Зеңдік ауруларға қарсы әсері бар отандық дәрілік өсімдік шикізаттарының көптеген түрі бар. Бірақ олардың зеңге қарсы әсері өте аз зерттелген. Сондықтан да біз Қазақстанның климатында
өңай өсетін, қолжетімді, өнімділігі жоғары яғни тез өсетін бір жылда бірнеше рет жинауға мүмкіндігі бар, құрамындағы биологиялық активті қосылыстары зеңге қарсы күшті әсер көрсететін, тек
зеңге ғана емес адам ағзасындағы басқа да ауруларға басқа да қосымша оң әсер көрсететін өсімдіктерді іздендік. Нәтижесінде бірнеше өсімдікті қарастырдық. Ішінде ең тиімді және қолжетімді, жоғарыда аталған біздің қалауымызға сәйкес келетін, құрамы жағынан бай өсімдік – Насыбайгүл (Базилик), халық арасындағы атауы Райханды таңдадық.
Насыбайгүл өсімдігін тиімді әдіспен өсіріп, жинап, кептіріп, зеңге қарсы әсер көрсететін эфир майларының үлесін зерттедік.
Кілт сөздер: фитоқұралдар, зеңге қарсы әсер, зеңдік аурулары, насыбайгүл, эфир майлары, н-гексан, монотерпен спирті.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Sanjay G. Revankar , MD, Overview of Fungal Infections // Wayne State University School of Medicine. – 2021.
2 Kulko A.B., The study of sensitivity to antifungal preparations of fungi of the genus Aspergillus – pathogens of bronchopulmonary infections in tuberculosis
patients // Tuberculosis and lung diseases. – 2017. – Vol. 95, No. 7. – 54-60 p.
3 Новикова В.В., Русских А.А., Исследование противогрибковой активности нового соединения ряда серебряных солей пиразол-3-карбоксамидов in
vitro // Разработка и регистрация лекарственных средств, май № 2 (23) 2018, 92-95 с.
4 Марьин А.А., Коломиец Н.Э., Лекарственные растения и биологически активные вещества противогрибкового действия // Фундаментальная и
клиническая медицина – 2017. Том 2, №4, 45-55 с.
5 Siti Fairuz Yusoff1, Farah Farhanah Haron, Mahmud Tengku Muda Mohamed Norhayu Asib, Siti Zaharah Sakimin, Faizah Abu Kassim and Siti Izera Ismail,
Antifungal Activity and Phytochemical Screening of Vernonia amygdalina Extract against Botrytis cinereal Causing Gray Mold Disease on Tomato Fruits //
Biology 2020, 9, 286, 1-14 p.
6 Shaimerdenova Zh.R., Production Technology of Phytopreparations Based on Essential Oils // Eurasian Chemico-Technological Journal 21 (2019) 353‒362
р.
7 Romano, R.; De Luca, L., Aiello, A.; Pagano, R., Di Pierro, P., Pizzolongo, F., Masi, P. Basil (Ocimum basilicum L.) Leaves as a Source of Bioactive
Compounds. Foods 2022, 11, 3212. https://doi.org/10.3390/foods11203212

количество просмотров / 👁 594

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *