АҚ ТҰТ (MORUS ALBA L.) ЖЕМІСІНЕН КӨМІРҚЫШҚЫЛДЫ СЫҒЫНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Алынды: 05.04.2023 / Қабылданды: 13.06.2023 / Онлайн жарияланды: 30.06.2023
ӘОЖ 615.014:582.635.3
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.15.13.042

Н.Н. Жумабаев1, К.С. Жакипбеков1, Н.Ж. Жумабаев2, О.В. Посылкина3, Н.Е. Конаш1
1«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы қ. , Қазақстан
2 «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ. , Қазақстан
3 «Ұлттық фармацевтикалық университеті», Харьков қ., Украина

АҚ ТҰТ (MORUS ALBA L.) ЖЕМІСІНЕН КӨМІРҚЫШҚЫЛДЫ СЫҒЫНДЫ АЛУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Түйін: Бұл мақалада дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды толыққанды, табиғи құрамға неғұрлым жақын компоненттерді жоғары дәлдікпен алуға мүмкіндік беретін заманауи
экстракциялау әдістерінің бірі – критикаға дейін көмірқышқылды әдісін қолдана отырып сығынды
алу, алынған сығындының компоненттік және элементтік құрамын талдау келтірілген. Өзектілігі. Дәрілік өсімдік шикізаттары және олардың негізінде жасалған фитопрепараттар көптеген аурулардың фармакотерапиясында маңызды орын алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәліметі бойынша жалпы тіркелген дәрілік заттар нарығының 25%-ын өсімдік текті препараттар құрайды. Зерттеу материалы. Ақ тұт (Morus Alba L..) өсімдігін жинау орны Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай орман қорығы. Сығындыланатын дәрілік өсімдік шикізатын экстрагентпен байланыстыру алаңын үлкейту үшін алдын-ала кептірілген шикізатты ұсақталу дәрежесі 0,2-0,3 мм болатындай ұсақталды. Нәтижелер және талқылау. Ақ тұт шикізатынан (Morus
Alba L.) көмірқышқылды сығындысы ««ЖАНАФАРМ» дәрі-дәрмек препараттарын өндіруші» ЖШС
базасында алынды. Сығынды алу критикалық нүктеге дейінгі жағдайда шикізатты зертханалық
АКЭҚ-5л (ағымды көмірқышқылды экстракциялау қондырғысында-5л) жүргізілді. Зерттеу нәтижесі
бойынша жалпы 82 қосылыс анықталған. Оның ішінде жоғары үлесті келесідей заттар анықталған: ethyl oleate -11,79%, 9,12-octadecadienoic acid, ethyl ester-6,96%, 9,12,15-octadecatrienoic acid, ethyl
ester, (z,z,z)-3,34%, 9,12-octadecadienoic acid (z,z)-16,68%, lumisantonin -1,55%, α-santonin-6,82%. Зерттеу нәтижелері бойынша ақ тұт шикізатының көмірқышқылды сығындысында макроэлементтер,
нақты айтқанда магний (1,8163 мкг/мл), калий (1,9760мкг/мл), натрий (12,7 мкг/мл) басым екені
анықталды. Қорытынды. Көмірқышқылды сығындыға негізінен дәрілік өсімдік шикізаты құрамындағы липофильді фракция, яғни эфир майлары, жүрек гликозидтері сияқты ұшатын, тұрақсыз заттар бөлініп шықты.
Түйінді сөздер: Ақ тұт, Morus Alba L., көмірқышқылды сығынды, компоненттік құрам, макро- және микро элементтер.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Siddhartha Singh et al. FPI. -2017. -1(4): 156–170.
2 Самбукова Т. В., Овчинников Б. В., Ганапольский В. П. и др. Перспективы использования фитопрепаратов в современной фармакологии//Обзоры
по клинической фармакологии и лекарственной терапии. -2017. -15(2): 56–63. doi: 10.17816/RCF15256-63
3 Benzie, I.F.F., & Wachtel-Galor, S. Herbal medicine: An introduction to its history, usage, regulation, current trends, and research needs//В издании Herbal
medicine: Bimolecular and clinical aspects (2nd ed.). Boca Raton: CRC Press. -2011
4 Муканова А.Б., Датхаев У.М., Абдуллабекова Р.М., Жунусова М.А., Ибадуллаева Ғ.С. Өсімдік шикізатынан медицинада қолданылатын биологиялық
белсенді заттарды экстракциялаудың заманауи әдістері// Фармация Казахстана. -2019. -№1. -С.10-17
5 М.И. Тлеубаева, Р.М. Абдуллабекова, У.С. Алимова, М.Ю. Ишмуратова, У.М. Датхаев Portulaca Oleracea L. өсімдігінен көмірқышқылды экстракт алу
технологиясы// Вестник КазНМУ. – 2019. -№3.-С.250-251
6 Касьянов Г.И.СО2–экстракты: Производство и применение// -Москва. -2004.-6 c.
7 Абдуллаев И. К., Мустафаев A.C. Изучение продуктивности новых тетраплоидных сортов шелковицы при весенней эксплуатации. Тр. Ин-та генетики
и селекции АН АзССР. Баку: Элм. -1985 . -С. 47-52.
8 Работнов Т. А. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР : в 3 т. / под ред. И. В. Ларина. — М. ; Л. : Сельхозгиз, -Т. 2 : Двудольные
(Хлорантовые — Бобовые). -1951. -С. 63—64.
9 Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
10 Morus // Ботанический словарь / сост. Н. И. Анненков. -СПб.: Тип. Имп. АН. -1878. -XXI + 645 с.
11 Гаммерман А. Ф., Кадаев Г. Н., Яценко-Хмелевский А. А. Лекарственные растения : справ. пособие. – М.: Высш. шк. -1983. -С. 314-315.
12 eFloras: Flora of China. Архивная копия от 1 июля 2020 на Wayback Machine, Flora of North America. Архивная копия от 2 июля 2020 на Wayback
Machine
13 Исаев Ю.А. Лечение микроэлементами, металлами и минералами. – Киев: Здоровье. -1992. -118 с

количество просмотров / 👁 1225

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *