ЭКЗЕМАСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН СЫРТҚА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА ӘДЕБИ ШОЛУ

Алынды: 20/04/2023/ Қабылданды: 28/08/2023 / Онлайн жарияланды: 30/10/023
ӘОК: 615.357+616.521
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.91.62.031
Д.Ә. МАШРАПОВА, К.С. ЖАКИПБЕКОВ, C.И. ОСПАНОВА
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

ЭКЗЕМАСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН СЫРТҚА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА ӘДЕБИ ШОЛУ

Түйін. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша экземаға қарсы қолданылатын
жергілікті глюкокортикостероидты дәрілік препараттардың тұтыну көрсеткіші артып отыр. Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығына шолу жасалып,
ассортиментік зерттеу жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың Мемлекеттік
тізілімінде тіркелген дәрілік заттарға кешенді талдау нәтижелері төрт негізгі критерий бойынша
жүргізілді: халықаралық патенттелмеген атауы, сауда атауы, өндіріс орны, өндіруші ел, көрсетілген.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың Мемлекеттік тізілімінде тіркелген экземаға қарсы жергілікті қолданатын глюкокортикостероидты дәрілік заттардың 43 сауда
атауы, 12 халықаралық патенттелмеген атауы ұсынылған. Өндіруші елдер бойынша экземаға қарсы жергілікті қолданатын глюкокортикостероидты дәрілік заттардың тек 2 (6%) сауда атауымен
отандық өндірушілерге тиесілі екендігін байқауға болады. Бұл өз кезегінде жергілікті қолданатын
глюкокортикостероидты дәрілік заттар ассортиментін құрылымдық талдауға мүмкіндік береді. Осы
тұста терінің орган ретіндегі артықшылығы-бұл дәрі-дәрмектерді тікелей қолдануға қол жетімді.
Сыртқы терапия пациенттердің басым көпшілігінде тез және айқын терапиялық әсер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жергілікті емдеу тері ауруларының клиникалық белгілерін тоқтатуда маңызды, кейде басым рөл атқарады. Рационалды жергілікті терапияның негізгі принциптері дәрілік препаратты, оның концентрациясын, дәрілік формасын (жақпа, крем, лосьон), қолдану әдісін, дозалау жиілігін, терапевтік әсер алу үшін қолдану ұзақтығын және жанама әсерлерді барынша азайтуды қамтиды. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында экземаға қарсы жергілікті қолданатын глюкокортикостероидты дәрілік заттардың 95% шетелдік өндірушілер үлесіне тиесілі. Алынған нәтижелер экземаға қарсы жергілікті қолданатын глюкокортикостероидты дәрілік заттар нарығын тереңірек зерттеуге және оның болашақ даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Қазақстан Республикасы, фармацевтикалық нарық, дәрілік заттар, экзема , мемлекеттік реестр, сауда атауы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Заславский Д. В., Туленкова Е. С., Монахов К. Н. и др. Экзема: диагностика и тактика выбора наружной терапии. Вестник дерматологии и
венерологии. 2018; 94 (3): 56–66. https://doi.org/10.25208/0042-4609-2018-94-3-56-66
2 Бутов Ю.С., Потекаев Н.Н. Дерматовенерология / Руководство для врачей. 2017.
3 Олисова О.Ю., Белоусова Т.А., Каиль-Горячкина М.В. Стратегия и тактика лечения больных с инфекционно-воспалительными заболеваниями кожи.
//Дерматология (Прил. к журн. Consilium Medicum). 2017; 1: 42–47.
4 Хардикова С.А. Рациональный выбор комбинированного топического глюкокортикостероида в условиях амбулаторного приема врачадерматовенеролога. Клиническая дерматология и венерология. 2018;2: 67–72.
5 Заславский Д. В., Туленкова Е. С., Монахов К. Н. и др. Экзема: диагностика и тактика выбора наружной терапии. Вестник дерматологии и
венерологии. 2018; 94 (3): 56–66.
6 Государственных Реестр лекарственных средств Республики Казахстан [Электронный ресурс] www.ndda.kz

количество просмотров / 👁 914

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *