МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПСИХОСОМАТИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ

Алынды: 5.02.2024/Қабылданды: 29.03.2024/Онлайн жарияланды: 29.04.2024
УДК 616.43-056.52
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.76.15.009

Д.Б. НЕМЕТОВА1, М.Б. ЖҮНІСОВА1, Г.О. НҰСҚАБАЕВА1, К.Ж. САДЫКОВА1,
А.С. БАБАЕВА1, Д.Н. АЙДАРБЕКОВА1, А.А.ТУРМАНБАЕВА1
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет1, Түркістан, Қазақстан

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПСИХОСОМАТИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫМЕН
БАЙЛАНЫСЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Түйін:Соңғы жылдары метаболизмдік синдром және оның симптомдар кешенінің артуы қоғамның өзекті
мәселесіне айналды және медицинаның әртүрлі салаларындағы мамандардың назарын аударуда. Метаболизмдік
синдром мәселесінің өзектілігі таралудың артуына да, оның әлеуметтік маңыздылығына да байланысты, өйткені
метаболизмдік синдром компоненттері бүкіл әлемдегі халық арасындағы өмір сүру ұзақтығы мен өлім көрсеткішіне
айтарлықтай әсер етеді.
Бұл әдеби шолуда метаболизмдік синдромы бар адамдарда когнитивтік және психосоматикалық бұзылыстар
арасындағы байланыс анықталған, соңғы алты жылда жарияланған мақалалар қаралды. Нәтижесінде
метаболизмдік синдромы бар адамдарда когнитивтік бұзылыстары, депрессия және стресс деңгейімен тікелей
байланысы анықталды.
Метаболизмдік синдром – жүрек-қантамыр ауруларына себеп болатын метаболизмдік бұзылыстардың
жиынтығынан тұрады. Метаболизмдік синдром компоненттерін абдоминальды семіздік, артериалды гипертензия,
көмірсу алмасуының бұзылысы және дислипидемия құрайды. Қазіргі уақытта метаболизмдік синдром бар
адамдарда когнитивтік және психосоматикалық бұзылыстар қоғамдық денсаулықтың маңызды мәселесіне
айналды. Зат алмасу бұзылыстары, жүрек-қан тамыр аурулары және мидың ауытқулары когнитивтік қызметтің
төмендеуіне әкеледі. Есте сақтау, назар аудару, ойлау жас ұлғайған сайын бірте-бірте төмендейтіні анық және бұл
өзгерістер метаболизмдік синдроммен тікелей байланысты екені зерттелуде. Депрессия және стресске шалдыққан
адамдар физикалық белсенділіктің азаюына байланысты салмақтың өсуіне, дұрыс емес тамақтануға, қант диабеті
және жүрек-тамыр ауруларына шалдығады. Көптеген зерттеулерде осы екі мәселенің өзара байланысы қарамақайшы нәтижелерді көрсетеді. Психосоматикалық бұзылыстар денсаулық сақтау саласының ауқымды проблемасы
ретінде жан жақты зерттеуді талап етеді, ол өз кезегінде метаболизмдік синдромы бар науқасты дұрыс жүргізуге
және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Түйінді сөздер: метаболизмдік синдром, когнитивтік бұзылыстар, депрессия, стресс, қант диабеті, семіздік,
инсулинге төзімділік

количество просмотров / 👁 642

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *