САУЫР ТЕҢГЕЖАПЫРАҚ (ALCHEMILLA SAURI JUZ.) ЭКСТРАКТЫСЫНЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН HACAT ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІН АНЫҚТАУ

Получена: 22.01.2024/ Принята: 04.04.2024/Опубликована online: 29.04.2024
УДК 615.32:582.734
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.48.71.039

Л.Н. Киекбаева1, Ж.А. Сабырқұл1, А.Т. Мамурова2, Р.Б. Аюпова1, Ғ.С. Ибадуллаева1
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан
2Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

САУЫР ТЕҢГЕЖАПЫРАҚ (ALCHEMILLA SAURI JUZ.) ЭКСТРАКТЫСЫНЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
МЕН HACAT ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІН АНЫҚТАУ
Түйін: Мақалада сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) экстрактысының антиоксиданттық белсенділігі мен HaCat
кератиноцит жасушаларының өміршеңдігін зерттеу туралы нәтижелер көрсетілген. Сауыр теңгежапырақ (Alchemilla
sauri Juz.) құрамындағы флавониодтардың едәуір мөлшеріне байланысты антиоксиданттық, қабынауға қарсы
әсерлер көрсететін дәрілік өсімдік. Біздің зерттеуіміздің мақсаты сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.)
экстрактысының антиоксиданттық белсенділігін анықтау және оның HaCat жасушаларының өміршеңдігіне әсерін
зерттеу. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға қойылған тапсырмалардың бірі спектрофотометрия
әдісімен сауыр теңгежапырақ (Alchemilla sauri Juz.) экстрактысының антиоксиданттық белсенділігін, сонымен қатар
in vitro әдісімен оның HaCat кератиноцит жасушаларының өміршеңдігіне әсерін зерттеу. Зерттеу Польша
мемелекетінде, Жешув технологиялық университеті, «Косметикалық химия, жасушалар мен тіндерді өсіру»
кафедрасының BSL-2 (BioSafety Level 2) типтегі лабораториясында жүргізілді. Антиоксиданттық белсенділікті
анықтауда DPPH (2,2-дифенил-1-пикрилгидразил) бос радикалы қолданылды. DPPH бос радикал көмегімен
антиоксиданттық белсенділікті анықтау экстракттың антиоксидант ретінде әрекет ету қабілетін бағалаудың кең
таралған және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. DPPH (2,2-дифенил-1-пикрилгидразил) – ерітіндіде көк түске
ие және антиоксиданттан электрон алған кезде түсі сарыға өзгеретін тұрақты органикалық радикал. Сондай-ақ, бұл
радикал тұрақты, оңай синтезделеді және әртүрлі еріткіштерде тұрақты ерітінділер түзеді. Бұл оны зертханалық
жағдайда қолдануда ыңғайлы және қарапайым етеді.
Антиоксиданттық әсері зерттелген экстрактты болашақта медицинада, дерматологияда, косметологияда қолдану
үшін оның HaCat кератиноцит жасушаларына әсерін зерттеу қызығушылық тудырды. Бұл кератиноцит жасушаларын
таңдау себебіміз, HaCat өлмейтін кератиноциттер, яғни олар шексіз бөлінуге қабілетті. Бұл тұрақты және ұзақ
мерзімді зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. HaCaT аббревиатурасы «Hamburg Cancer and Normal Tissues» қазақ
тіліне аударғанда «Гамбург қатерлі ісігі және қалыпты тіндер» дегенді білдіреді және Германиядағы қатерлі ісік
желісін зерттеу үшін Гамбург орталығында жасалған.
Түйінді сөздер: сауыр теңгежапырақ, спектрофотометрия, DPPH (2,2-дифенил-1-пикрилгидразил), бос радикал,
экстракт, антиоксиданттық белсенділік, HaCat жасушалары, микропластина.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Пиццино г., Эррера Н., Кучинотта М., Палио г., Маннино Ф., Корачи в. тотығу стрессі: адам денсаулығына зияны мен
пайдасы. Мыс оксиді ұзақ уақыт бойы жиналды. (2017) 2017:8416763. doi: 10.1155/2017/8416763
2 Лин У, Шен П, Сонг У, Хуан У, Ту с.аутоиммунды жасушалардағы оттегінің белсенді түрлері: қызметі,
дифференциациясы және метаболизмі. Алдыңғы иммунол. (2021) 12:635021. doi: 10.3389/fimmu.2021.635021
3 Саксена П, Сельварадж к, Харе СК, Чаудхари Н. супероксид дисмутаза мультипотентті терапиялық антиоксидантты
фермент ретінде: адам ауруларындағы рөлі. Биотехнологиялық бюллетень (2021). doi: 10.1007/s10529-021-03200-3.
4 Венза және, Венза М, Визалли М, Лентини Г, апай Д, Д ‘ Альконтрес Ф.С. ROS меланомадағы жасушалық процестерді
реттеуші ретінде. Жасуша циклінің тотығу медиаторы. (2021) 2021:1208690. doi: 10.1155/2021/1208690
5 Хэм Дж, Лим У, Парк С, Бэ Х, Ю С, Сонг г. синтетикалық фенолды антиоксидант пропилгаллат кальций
гомеостазының бұзылуына және митохондриялық функцияға байланысты бесп бедеулігін тудырады. Қоршаған
ортаның ластануы. (2019) 248:845-56. doi: 10.1016/j.envpol.2019.02.087
6 Sun Y, Dai s, Tao J, Li Y, He Z, Liu Q және т.б. Таурин кальций оксалат кристалдарынан туындаған бүйрек
түтікшелерінің эпителий жасушаларының зақымдануы кезінде Akt/mTOR сигнал беру жолын белсендіру арқылы
ROS-қа тәуелді аутофагияны тежейді. Қартаю. (2020) 12:17353-66. doi: 10.18632 / қартаю.103730
7 Сю Х, Лю А, Ху С, Арес И, Мартинес-Ларранага М.Р., Ван х және т. б. синтетикалық фенолдық антиоксиданттар:
метаболизм, қауіп және әсер ету механизмі. Тамақ химиясы. (2021) 353:129488. doi: 10.1016/j.foodchem.2021.129488
8 Петушкова Н.А., Русанов а.л., Пятницкий М. А. және т. б. hacat Кератиноциттерінің Протеомдық сипаттамасы SDS
әсеріне байланысты өзгерістерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Биомед Дерматол. 2020; 4 (1): 4. DOI:
10.1186 / s41702-019-0054- г.
9 Русанов а. л., Кожин п.м., Ромашин Д. Д., Карагяур м. Н., Лузгина Н. г. р53 белсенділігінің модуляциясының НаСаТ
сызығының кератиноциттерін саралау процесінде р53 отбасы мүшелерінің өзара әрекеттесуіне әсері. РЕНМУ
хабаршысы. 2020; (6): 60–67. DOI: 10.24075/vrgmu.2020.082.Русанов а.л., Ромашин Д. Д., Кожин п. м. және т. б. біріктіру
және субконфлюэнция жағдайында hacat жасушаларының ақуыздары туралы мәліметтер жиынтығына p53
нокаутының әсері. Деректер. 2022; 7 (3). DOI: 10.3390/ data7030027.
10 Иглин В.А., Соколовская О. А., Морозова С. М., Кучур О. А., Никонорова в. г., Шаршеева А. және т. б. алюминий оксиді
биокомпозит золь-гельінің адам фибробласттарының дермальды жасушаларының өміршеңдігі мен морфологиясына
әсері. ACS Biomaterial Sci Eng. 2020 10 тамыз;6 (8): 4397-400. doi: 10.1021/ acsbiomaterials.0c00721
11 Батыс Д. Д., Дора Н. Дж., Коллинсон Дж.М. ересектердегі мүйізді қабық эпителийін сақтау үшін бағаналы
жасушалардың балама гипотезаларын бағалау. World J. дің жасушалары 2015; 7 (2):281-299.
doi:10.4252/waco.v7.i2.281.
12 Круциани М, Этна МП, Камилли Р, Джакомини Э, Перкарио з. А., Севера М, Сандини с, Риццо Ф, брэнди в, Бальзамо
г, Политичелли Ф, Аффабрис Э, Пантости А, Багноли Ф, Кокча Э. м. алтын стафилококктың ESX факторлары адамның
дендритті жасушаларының қызметін бақылайды, Шартты Th1 / Th17 Жауабы. Жасуша инфекциясы. Микробиол.
2017, 21 том, № 7, 330 бет. doi: 10.3389/fcimb.2017.00330
13 Леманн Б.Hacat жасушалық желісі адам терісіндегі D3 дәрумені метаболизмінің модельдік жүйесі ретінде. J. Invest.
Дерматол. (2018);108:78-82. doi: 10.1111/1523-1747.ep12285640

количество просмотров / 👁 833

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *