THERMOPSIS TURKESTANICA GAND. МЕТАБОЛИТТЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫН АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Алынды: 08.02.2024 Қабылданды: 21.05.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
ӘОЖ 615.322
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.69.28.042
А. Бахыт1, А.О. Сапиева2, Н.Г. Гемеджиева3, Ш.А. Мадиева2,
Ж.Ж. Каржаубекова3, А.М. Габбасова2, Н.А. Султанова1
1 «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті», Астана қ., Қазақстан Республикасы
2 «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы
3ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
THERMOPSIS TURKESTANICA GAND. МЕТАБОЛИТТЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫН
АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Түйін. Бұл мақалада Алматы облысы Теріскей Алатау жотасынан гүлдеу-жеміс түзілу кезеңінде жиналған
Thermopsis turkestanica Gand. өсімдігінің жер үсті (сабағы, жапырағы, гүлі) бөлігіне жүргізілген фитохимиялық және
сандық зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. Жұмыс барысында Thermopsis turkestanica-ның ҚР МФ
бекітілген емдік өсімдік шикізаттарына қойылатын сапалық талаптарға сай екендігі анықталды. Хлороформды
және этилацетатты сығындыларға қарағанда сулы-спиртті (90%<80%<50%) сығындылармен экстрактивті заттар көбірек бөлінетіні белгілі болды. Фитохимиялық талдау сатысында жалпы әдістер мен хроматография әдістері арқылы Thermopsis turkestanica Gand. құрамынан келесі биологиялық белсенді заттар табылды: флавоноидтар, алкалоидтар, амин қышқылдары және көмірсулар. Сандық талдауда, зерттеу нысанының құрамында алкалоидтар (5,13%) мен амин қышқылдарының (8,16%) мөлшері басым болып шықты. Thermopsis turkestanica-ның әр түрлі сығындылары Ferric Reducing/Antioxidant Power assay (FRAP) әдісімен антиоксиданттық белсенділікке зерттелді. Жүргізілген зерттеуде сулы-спиртті сығындылар 0,5 мг/мл-1мг/мл концентрациялар арасында стандартты үлгімен салыстырғанда жоғары антиоксиданттық белсенділік көрсетті. Түйінді сөздер: Thermopsis turkestanica Gand., хроматография, алкалоидтар, флавоноидтар, антиоксиданттық белсенділік

количество просмотров / 👁 563

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *