БҮЙРЕКТІҢ ГЛОМЕРУЛЯРЛЫ АУРУЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯСЫНДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІН ТАЛДАУ

Алынды: 15.01.2024 Қабылданды: 01.02.2024 Онлайн жарияланды: 29.02.2024
ӘОЖ 615.065
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.65.83.027

А.А. Асан1, З.А. Керимбаева2, Б.А. Калелова3, О.Ж. Нарманова2, А.К. Мұсаханова2
1 Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
2 «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Астана, Қазақстан
3 Expert Neuro, Алматы, Қазақстан

БҮЙРЕКТІҢ ГЛОМЕРУЛЯРЛЫ АУРУЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯСЫНДАҒЫ
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІН ТАЛДАУ

Түйін: Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бүйрек функциясының үдемелі төмендеуімен сипатталатын ең жиі кездесетін клиникалық жағдайлардың бірі болып
табылады. Халықаралық нефрология қоғамының 2023 жылғы мәліметі бойынша, СБА бүкіл әлемде
850 миллион адам зардап шегеді, бұл барлық жастағы және нәсілдегі адамдарға әсер етеді [ISN,
2023]. Медициналық тұрғыдан СБА бүйрек зақымдануының болуы немесе себебіне қарамастан 3 ай
немесе одан да көп уақытқа созылатын 60 мл/мин/1,73 м2-ден төмен шумақтық сүзілудің болжалды жылдамдығы ретінде анықталады. Бұл бүйрек қызметі бірте-бірте төмендейтін және бүйректі алмастыру емі (диализ немесе трансплантация) қажет болатын жағдай.
Кіріспе.
Гломерулярлы бүйрек ауруы (ГБА) тұрғындардың арасында кең таралуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық салдары бар, қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Бүйректің созылмалы ауруларының (БСА) әртүрлі сатысында дәрілік препараттарды қайталап тағайындау, жағымсыз дәрілік өзара әсерлесуге, соңғы метаболит өнімдерінің жинақталуына,
нефроуыттылыққа және бүйрек жетімсіздігінің терминалды сатысына дейін алып келетін, негізгі факторлардың бірі болып қала береді.
ГБА болжамы келесі факторларға негізделуі мүмкін екені белгілі: (а) диагноз қою кезіндегі шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ); бүйрек ауруының себебі; альбуминурия дәрежесі. Басқа ілеспелі аурулардың болуы. Пациенттерді клиникалық тәжірибеде қарау кезінде, ГБА асқынулары жиі дұрыс
анықталмайды немесе тиісті ем жүргізілмейді [1]. Бұл көбінесе ауыр сырқаттанушылыққа, ерте
өлімге немесе нашар болжамға әкеледі. ГБА келе бере бүйрек жетімсіздігінің терминалды сатысына ауысады, бұл өмірлік маңызды бүйректік орын басу терапиясын қажет етеді. Бүйрек ауруы бар
науқастарға препаратты тағайындау, препаратты, науқастың физиологиясының өзгеру дәрежесін және дозалау режимдерін өңдеуге әсер ететін, фармакокинетикалық ұстанымдарды білуді талап етеді [2].
Дозалау режимін өзгетуді қажет ететін кейбір жағдайларда, дәрілік препараттың тиімді дозалануын басқару үшін фармакокинетикалық ұстанымдарды қолдану арқылы бағалауға немесе тіпті сандық анықтауға болады. Бұл, дараландырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді және дәрі-дәрмектің аз немесе артық дозалануының нәтижесінде болатын жанама әсерлердің
азаюына алып келеді [3].
Дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері ГБА бар науқастарды госпитализациялаудың жалпы
себебі болып табылатыны және олардың бүйрек қызметінің нашарлайтыны және оларға жиі бірнеше препараттар тағайындалатыны анықталды. Сондай-ақ, қан сарысуындағы креатинин деңгейі
де маңызды және бүйрек функциясын бағалаудың орнына, тек қан сарысуындағы креатинин деңгейіне негізделген дозалау ГБА бар науқастарда артық дозалануға әкелуі мүмкін [4]. Бүйрек қызметін,
яғни шумақтық сүзілу жылдамдығын плазмадағы креатинин және/немесе цистатин С (pШСЖ) талдауы бойынша қарапайым формулалар арқылы бағалауға болады. Заманауи және расталған формулалар арқылы орындалатын мұндай бағалаулар, әдетте, дене бетінің ауданына (мл/мин/л2) сай
келтірілген бүйрек қызметін білдіреді [5].
ГБА бар науқас пен бүйректердің қалыпты қызметі арасындағы қатынасты есептеу арқылы, ең
алдымен шумақтық сүзілу арқылы шығарылатын препараттардың плазмадағы концентрацияларын алу үшін қалыпты дозалау аралығын қаншалықты арттыру немесе дозаны азайту керектігін бағалауды жүргізуге болады. (шамамен 90–125 мл/мин/1,73 м2). Клиникалық тәжірибеде дәрілерді тағайындайтын дәрігерлердің, ШСЖ және бүйрек зақымдануының маркерлері туралы білімдерін
кеңейту мен қолдануының жоғарылауы, ГБА бар науқастарда жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін азайтады [6].
Әдебиеттерден бүйрек қызметінің орташа төмендеуі өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай төмендеуіне, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің нашарлауына және фармакотерапияның қымбаттауына әкелетіні белгілі [7]. ГБА кең таралуы, оның жағымсыз нәтижелері мен асқынулары, ерте
анықтау бойынша шараларды халық деңгейінде енгізу және өңдеудің орындылығы, нефропротекция и нефропрофилактика мәселесін көтеруге негіз болып табылады [8-9]. Тиімді фармакотерапия мәселелері, атап айтқанда науқастардың әртүрлі санаттарында нефропротекцияға арналған
препараттардың тиімділігі бүгінгі күні кеңінен талқылануда және дәлелді базаның аздығына байланысты нақты шешімдері жоқ [10].
ГБА қайталама профилактикасы соңғы сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін барынша төмендетуге бағытталған және дәрілік емес және фармакологиялық шаралар кешенін қамтиды [11].
ГБА мен ауыратын науқастарға фармакотерапия үшін қауіпсіз препараттарды таңдау өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды тиімсіз қолданудың ағымдағы деңгейін немесе таралуын көрсететін деректер жоқ [12-13].
Түйінді сөздер: гломерулярлық бүйрек ауры, бүйректің созылмалы ауруы, фармакотерапия, шумақтық сүзілу жылдамдығы, дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі, жағымсыз әсерлер.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Levin A. S. et al. Chapter 1: Definition and classification of CKD //Kidney Int. Suppl. – 2013. – Т. 3. – №. 1. – С. 19-62.
2 Lea-Henry T. N. et al. Clinical pharmacokinetics in kidney disease: fundamental principles //Clinical journal of the American Society of Nephrology: CJASN.
– 2018. – Т. 13. – №. 7. – С. 1085.
3 Roberts D. M. et al. Clinical pharmacokinetics in kidney disease: application to rational design of dosing regimens //Clinical journal of the American Society
of Nephrology: CJASN. – 2018. – Т. 13. – №. 8. – С. 1254.
4 Levey A. S., Inker L. A. Assessment of glomerular filtration rate in health and disease: a state of the art review //Clinical Pharmacology & Therapeutics. –
2017. – Т. 102. – №. 3. – С. 405-419.
5 Gansevoort R. T. et al. What should European nephrology do with the new CKD-EPI equation? //Nephrology Dialysis Transplantation. – 2023. – Т. 38. –
№. 1. – С. 1-6.
6 Levey A. S. et al. The definition, classification, and prognosis of chronic kidney disease: a KDIGO Controversies Conference report //Kidney international.
– 2011. – Т. 80. – №. 1. – С. 17-28.
7 Kalantar-Zadeh K. et al. Chronic kidney disease //The lancet. – 2021. – Т. 398. – №. 10302. – С. 786-802.
8 Couser W. G. et al. The contribution of chronic kidney disease to the global burden of major noncommunicable diseases //Kidney international. – 2011. – Т.
80. – №. 12. – С. 1258-1270.
9 Hallan S. I., Stevens P. Screening for chronic kidney disease: which strategy? //Journal of nephrology. – 2010. – Т. 23. – №. 2. – С. 147-155.
10 Fusco S. et al. Medication-induced nephrotoxicity in older patients //Current Drug Metabolism. – 2016. – Т. 17. – №. 6. – С. 608-625.
11 Чиж К. А., Тушина А. К. Хроническая болезнь почек и роль врача первичного звена //Медицинские новости. – 2020. – №. 5 (308). – С. 30-36.
12 Schmid H., Schiffl H., Lederer S. R. Pharmacotherapy of end-stage renal disease //Expert opinion on pharmacotherapy. – 2010. – Т. 11. – №. 4. – С. 597-
613.
13 Pandey M. et al. Clinical Pharmacology & Therapeutic uses of Diuretic Agents: A Review //Journal for Research in Applied Sciences and Biotechnology. –
2022. – Т. 1. – №. 3. – С. 11-20.
14 Ashley C., Dunleavy A. The renal drug handbook: the ultimate prescribing guide for renal practitioners. – CRC Press, 2018.
15 Kellum J. A., Prowle J. R. Paradigms of acute kidney injury in the intensive care setting //Nature Reviews Nephrology. – 2018. – Т. 14. – №. 4. – С. 217-230.
16 Shahrbaf F. G., Assadi F. Drug-induced renal disorders //Journal of renal injury prevention. – 2015. – Т. 4. – №. 3. – С. 57.
17 Clavé S. et al. The invisible threat of non-steroidal anti-inflammatory drugs for kidneys //Frontiers in pediatrics. – 2019. – Т. 7. – С. 520.
18 Nderitu P. et al. Non-steroidal anti-inflammatory drugs and chronic kidney disease progression: a systematic review //Family practice. – 2013. – Т. 30. –
№. 3. – С. 247-255.
19 Disease K. Improving Global Outcomes (KDIGO) Lipid Work Group KDIGO clinical practice guideline for lipid management in chronic kidney disease //
Kidney Int. – 2013. – Т. 3. – С. 259-305.
20 Iisalo E. Clinical pharmacokinetics of digoxin //Clinical pharmacokinetics. – 1977. – Т. 2. – №. 1. – С. 1-16.
21 Lin Z. Q. et al. Dosage Optimization of Digoxin in Older Patients with Heart Failure and Chronic Kidney Disease: A Population Pharmacokinetic Analysis //
Drugs & Aging. – 2023. – С. 1-11.
22 https://doi.org/10.1371/journal.pone.0245620.t002
23 Чиринос Дж.А. и соавт. Использование дигоксина связано с повышенной активацией тромбоцитов и эндотелиальных клеток у пациентов с
неклапанной фибрилляцией предсердий // Ритм сердца. – 2005. – Т. 2. – №. 5. – С. 525-529.
24 Muanda F. T. et al. Digoxin dosing and the risk of toxicity in older adults with CKD //American Journal of Kidney Diseases. – 2022. – Т. 79. – №. 6. – С.
912-917.
25 Israni R. K. et al. Use of antiepileptic drugs in patients with kidney disease //Seminars in dialysis. – Malden, USA : Blackwell Publishing Inc, 2006. – Т. 19.
– №. 5. – С. 408-416.].
26 Мелешкин Н. С. Основные характеристики циклофосфана и его применение в медицине в качестве цитостатического препарата //Международный
студенческий научный вестник. – 2017. – №. 5. – С. 11-11.
27 Lea-Henry T. N. et al. Clinical pharmacokinetics in kidney disease: fundamental principles //Clinical journal of the American Society of Nephrology: CJASN.
– 2018. – Т. 13. – №. 7. – С. 1085.
28 Joy M. S. Impact of glomerular kidney diseases on the clearance of drugs //The Journal of Clinical Pharmacology. – 2012. – Т. 52. – №. S1. – С. 23S-34S.
29 Little M. A. et al. Early mortality in systemic vasculitis: relative contribution of adverse events and active vasculitis //Annals of the rheumatic diseases. –
2010. – Т. 69. – №. 6. – С. 1036-1043.
30 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту туралы» 2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 41 ҚР ДСМ бұйрығы
31 Rodriguez-Gutierrez R. et al. Benefits and harms of intensive glycemic control in patients with type 2 diabetes //bmj. – 2019. – Т. 367.
32 Izzedine H., Launay-Vacher V., Deray G. Antiviral drug-induced nephrotoxicity //American journal of kidney diseases. – 2005. – Т. 45. – №. 5. – С. 804-817.
33 Алексеева Н. Ю., Двойникова Н. А. МОНИТОРИНГ БЕЗОПАСНОСТИ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ В МЕДИЦИНСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ КАК
ОСНОВА РАЦИОНАЛЬНОЙ И ЭФФЕКТИВНОЙ ФАРМАКОТЕРАПИИ //Актуальные вопросы общественного здоровья и здравоохранения на уровне
субъекта Российской Федерации. – 2020. – С. 266-271.
34 Bello A. K. et al. Effective CKD care in European countries: challenges and opportunities for health policy //American Journal of Kidney Diseases. – 2015.
– Т. 65. – №. 1. – С. 15-25.
35 Vormann M. K. et al. Nephrotoxicity and kidney transport assessment on 3D perfused proximal tubules //The AAPS journal. – 2018. – Т. 20. – С. 1-11.

количество просмотров / 👁 337

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *