ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛ ҚАУІПІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКА

Алынды: 24.04.2024 Қабылданды: 08.10.2024 Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК: 61.613;613.06.02;616-001.3
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.29.26.024
А.Б. Бекмагамбетов1, А.М. Рахметова 1, Ж.Ж. Нұрғалиева2, Л.Б. Умбетьярова3,
Г.А. Тусупбекова3, Э.А. Құлмағамбетова1, Ә.Ш. Тәшенов1, Г.К. Атанбаева3, Р.Ж.Сейсебаева2
1Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі
республикалық ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Астана
2С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Қазақстан, Алматы
3әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛ ҚАУІПІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКА
Түйін. Бұл мақалада құрылыс саласындағы кәсіби тәуекел қаупін бағалау проблемасы, жазатайым оқиғалардың пайда
болу себептері және кәсіби сырқаттанушылық бойынша шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау материалдары
қамтылған. Мақалада құрылыстағы өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіштері, таңдалған
әдістің әртүрлі қасиеттерінің болуын ескере отырып, өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес келетін және
процесс пен нәтижелерді бақылау, қайталанғыштық, тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіптік тәуекелдер
деңгейін бағалау әдістері талданды. Бұл мақалада өндірістік жарақаттар статистикасы бойынша зерттеу нәтижелері
жинақталған. Еңбек және еңбекті қорғау институты жариялаған құрылыс саласының өндірісіндегі статистика
деректері бойынша 2020 жылы жарақаттану саны 59,61% жағдайды құрды. Халықаралық тәжірибеде кәсіби тәуекел
қауіпін бағалауда қолданылатын әдістер мен бағдарламалардың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.
Түйінді сөздер: кәсіби тәуекел қауіпі, құрылыс саласы, бағалау әдістемелері, зиянды факторлар, өндірістік
жарақаттану, кәсіби сырқаттанушылық.

количество просмотров / 👁 104

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *