LINARIA VULGARIS MILL. ПЕРСПЕКТІВТІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ ТҮРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.83.67.039

А.Т. Мамурова1, Л.Н. Киекбаева2, Н.З. Ахтаева1, А.Б. Ахметова1, Қ.М. Мусина1, О.Б.Тлеуберлина1
1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Республика Казахстан
2 С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Унивеситеті, Алматы, Республика Казахстан

LINARIA VULGARIS MILL. ПЕРСПЕКТІВТІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ
ТҮРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

Түйін: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі халықтың тиімділігі жоғары емдік және емдік-профилактикалық препараттарға қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктердің түрлерін толықтырып отыру фармацевтика саласында маңызды мәселелердің бірі. Өндірістік фармацевтикалық өндірісте және жалпы ғылым саласына қатысты дәрілік өсімдіктерге сұраныс күн сайын артып келеді. Бірқатар жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамы дәрілік қасиеттерге ие. Сондай өсімдіктердің бірі ретінде кәдімгі сиякөк (Linaria vulgaris Mill) өсімдігін атауға болады.
Біз зерттеп отырған өсімдік, шетелдік мәліметтерге сүйенетін болсақ, ерекше фармакологиялық
қасиеттерге ие. Бұл өсімдік түрі Қазақстанда кең таралған болса да, бірақ жүйелі түрде зерттелмеген. Осыған байланысты бұл өсімдік практикада қолдану үшін биологиялық белсенді заттардың
көзі ретінде ғылыми зерттеулерге қызығушылық тудырады.
Зерттеу жұмысының ерекшеліктеріне қарай, алға қойылған мақсат — Linaria vulgaris Mill. перспективті дәрілік түрінің ботаникалық, фитоценотикалық ерекшеліктерін және таралу ареалын жүйелі зерттеу, биологиялық белсенді заттарын анықтау болып табылады.
Бұл мақалада Linaria vulgaris Mill. перспективті дәрілік түрінің биологиялық және морфологиялық
ерекшеліктерін сипатталып, Linaria vulgaris Mill өсімдігіне таксономиясына, таралу аймағына, құрылымдық ерекшеліктеріне, ботаникалық белгілеріне сипаттама берілді,
Зерттеу жұмысы әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биология және биотехнология
факультетінің «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасы, Химия факультетінің «Органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы» кафедрасында жасалынды.
Зерттеу процесінде классикалық ботаникалық әдістер, қағазды хроматография әдісі және шикізаттағы биологиялық белсенді заттарды сандық анықтау әдісі, ҚРМФ жалпы қабылданған әдістер қолданылды.
Өткiзiлген жұмыстың нәтижеде кәдiмгi сиякөктi өсiрудегі мәліметтері бойынша барлық тіршілік
күйлері бiр вегетациялық периодта өтетіні анықталды. Алайда көпжылдық өсімдік болса да келесі жылында ол толық осы вегетациялық фазаны қайталап қалыптасады (бүрлеу, гүлдеу, жемiс беру). Кәдімгі сиякөк (Linaria Vulgaris Mill) дәрілік өсімдігінің жалпы онтогенезі 120-146 күнге созылды.
Құрамындағы биологиялық белсенді заттар экстрактивті заттар-15,3%, амин қышқылдар-1,37%,
флавоноидтар -1,06%, тері илегіш заттар-0,5%, көмірсулар -1,14%, органикалық қышқылдар- 2,05%
анықталды.
Түйінді сөздер: Linaria vulgaris Mill, дәрілік өсімдіктер, биоалуантүрлілік. фитоценология, ботаника

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Иващенко А.А. Растительный мир Казахстана. – Научно-популярное издание. – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2009. – 176 с.
2 Байтенов М.С. Флора Казахстана. – Алматы, 2001. — Т. 2. – 280 с.
3 Флора Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во Академии Наук Казахской ССР, 1961. –
4 Т. 9. – С. 179-220.
5 Определитель растений Средней Азии. – Т. 1-10. –Ташкент, 1968-1993.
6 Карамышева З.В., Рачковская Е.И. Опыт крупномасштабного геоботанического картографирования (на примере растительности юго-западной
части Центрально-Казахстанского мелкосопочника) //Принципы и методы геоботанического картографирования. – М. – Л., 1962. — 6 с.
7 Сочава В.Б. Геоботаническое картографирование // Классификация растительности как иерархия динамических систем. — Ленинград,1972. — С.3–38.
8 Государственная Фармакопея Республики Казахстан. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2014. — Т.1. – 562 с.
9 Shtephan G. Wild medical plants in the phytocenoses of the northern Kazakhstan // Med. Heal. Sci. Journal. – 2012. – Vol. 13. – P. 128–133.
10 Antirrhinum tortuosum Bosc ex Vent. Published in: Bosc ex Vent. (1797). In: Encycl. [Lam. & al.] 4(1): 365.
11 Baig, M.N., K.N. Harker, and A.L. Darwent. 1994. Tillage enhances yellow toadflax (Linaria vulgaris Mill.) control with glyphosate. Weed Science Society
of America. Abstr. 34:16.
12 Butler, M.D. and L.C. Burrill. 1994. Yellow Toadflaxand Dalmatian Toadflax. A Pacific Northwest Extension Publication PNW135. Available at http://weeds.
nmsu.edu/pdfs/yellow_toadflax_ factsheet_11-06-05.pdf (accessed May 2010).
13 Saner M.A., Clements D. R., Hall M. R., Doohan D. J. and Crompton C.W. 1995, The biology of Canadian weeds. 105. Linaria vulgaris Mill. Can. J. Plant
Sci. 75:525-537.
14 Льнянка обыкновенная (Linaria vulgaris Mill.) — lektrava.ru [Electronic resource]. URL: https://lektrava.ru/encyclopedia/lnyanka-obyknovennaya.
15 Bakshi, T. S. and Conpland, R. T. 1960. Vegetative propagation in Linaria vulgaris. Can. J. Bot. 3E: 243-249.
16 Charlton, W. A. f 966. The root system of Linaria vulgaris Mill. Morphology and anatomy. Can. J. Bu.4: llll-ll16.
17 Creti, M., Ciampolini, F. and Kapil, R. N. 2005. Further data on A and B type transfer cells from the leaves of Lirnria. J. Submicrosc. Cytol. 15: 761-772.
18 Nadeau, L., Dale, M. R. T. and King, J. R. 2010. The development of spatial pattern in shoots of Lilnria vulgaris (Scrophulariaceae) growing on fallow land
or in a barley crop. Can.J. Bot. 69: 2539-254.
19 Sudo H., Ide T., Otsuka H., Hirata E., Takushi A., Shinzato T., Takeda Y., Chem. Pharm. Bull., 48, 542—546 (2010)

количество просмотров / 👁 1125

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *