АНТИКОАГУЛЯНТТАР НАРЫҒЫНА ШОЛУ ЖАСАУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Алынды: 08.02.2023 / Қабылданды: 13.06.2023 / Онлайн жарияланды: 30.06.2023 УДК:615.273.5(574.51)

DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.22.82.047

С.Б. Джиенбаланов, К.С. Жакипбеков, Н.А. Рахымбаев

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

АНТИКОАГУЛЯНТТАР НАРЫҒЫНА ШОЛУ ЖАСАУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Түйін: Қазіргі уақытта заманауи медицина антикоагулянттар сияқты маңызды препараттарды
кеңінен қолданады. Қазақстанның қазіргі заманғы фармацевтикалық нарығы тауар номенклатурасының, оның ішінде антикоагулянттардың тұрақты өсуімен сипатталады. Соңғы онжылдықта
Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық тауарлардың барлық негізгі топтарының ассортиментін едәуір кеңейуі және толықтырылуы болды. Антикоагулянттардың тауар номенклатурасының ұлғаюы көбінесе Қазақстанның фармацевтикалық нарығында өндірілген препараттардың — шетелдік және отандық өндірушілердің көп санын тіркеумен байланысты. Бұл әртүрлі патологиялық жағдайларды, аурулардың жеке ерекшеліктерін, сатып алушылардың тұтынушылық қалауын фармакотерапияның заманауи тәсілдерін ескере отырып, қажетті дәрі-дәрмектерді таңдау мүмкіндігін едәуір арттырды.
Зерттеу барысында Алматы қаласының фармацевтикалық нарығындағы антикоагулянттардың
жалпы өсімі жайлы ақпараттар жинастырылды.Нарықтағы антикоагулянттардың COVID-19 пандемиясынан кейінгі жалпы тауардың ассортименті жайлы ақпараттар қарастырылып,оның өндіру көрсеткіштерінің өзгеруі жайлы ақпараттар алынды.Антикоагуянттардың нарықтағы динамикасы және олардың өсу тенденциялары жайлы ақпараттар қарастырылады.Нарықтағы бағаның
көтерілуіне байланысты,тиімді позициялар анықталды.Антикоагулянттардың сұранысына әсерін тигізетін негізгі факторлар зерттеліп,оларға экономикалық,әлеуметтік,саяси,технологиялық
сияқты факторлар екені анықталды.Отандық нарықтағы парентеральды жанама антикоагулянттар натрий гепарині, төмен молекулалы гепарин сияқты топтармен ұсынылды. Бұл топтың дәрілері парентеральды жанама антикоагулянттардың қатарындағы 72,8% мен 55,1% пакеттердегі мөлшері анықталды. Бұл қатардағы жетекші позиция сатылымы 3,5 миллион долларды шамалаған «Фраксипарин» препараты. «Фраксипарин» дәрілік препаратынның бәсекелесі – «Клексан»
препаратының оригиналы — 86,3% сатылымның өсуін анық көрсетті.
Қортындылай келе, Қазақстан нарығында соның ішінде Алматы қаласындағы антикоагулянттардың жалпы өсіміне,өндірілуіне,динамикасына шолу жасалып,олардың қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие екені анықталды. Шолу барысында Алматы қаласындағы ассортиментіне талдау жасалды.
Түйінді сөздер: антикоагулянттар, дәрі-дәрмектер, талдау, нарық, факторлар,шолу, аурулар, өндірушілер

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Думин А.С. Антикоагулянты. – М.: Кронус, 2015. – 142 с.
2 Association of International Pharmaceutical Manufacturers in Kazakhstan. [Электрондық ресурс]. – URL: https://aipm.kz/ru/novosti-i-sobytiya/kazakhstanskijfarmatsevticheskij-rynok-import-eksport-proizvodstvo.html
3 СК Фармация. [Электрондық ресурс]. – URL: https://sk-pharmacy.kz/kaz/satyip-alu/d%D3%99r%D1%96l%D1%96k-zattardyi-satyip-alu/
4 Алпысбаев Д.А., Нурмин Н.М. Антикоагулянты в Казахстане // Вестник КазНМУ. – 2021. – 2(6). – 78-83.
5 Бейсенова С.Б. Антикоагулянттар нарығынның дамуы // Фармация Казахстана. – 2019. – 7(8). – 125-131.
6 Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы. [Электрондық ресурс]. – URL: http://register.ndda.kz/category/search_prep.

количество просмотров / 👁 1255

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *