БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУДІҢ АНТЕНАТАЛДЫ ЖӘНЕ ИНТРАНАТАЛДЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Алынды: 18.07.2023/ Қабылданды: 28.11.2023/ Онлайн жарияланды: 29.12.2023
УДК 618.155.194.8-055.26
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.17.26.009

Т.А. КОЖАБЕКОВА1, Б.Н. БИЩЕКОВА1, Э.К.ШУКЕНОВА2, А.М.КАНИГАЕВА2, С.А. ЫСҚАҚ1, А.Қ ҚАЛМЕТ1, Л.Ж. УМИРОВА

1С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан,
2КГП ШЖҚ «№5 қалалық перзентхана», Алматы, Қазақстан

БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУДІҢ АНТЕНАТАЛДЫ ЖӘНЕ
ИНТРАНАТАЛДЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Түйін. Босанғаннан кейінгі қан кету – бүкіл әлемде ана аурушаңдығы мен ана өлім — жітімінің басты себебі болып қала береді. Босанудан кейінгі қан кетуді өз уақытында анықтау және оның себебі мен қауіп-қатер топтарын анықтап зерттеу қазіргі таңға дейін акушерлік қызметте күрделі мәселе болып қала береді.
Мақаланың өзектілігі ана өлімнің негізгі себептерінің бірі акушерлік қан кетуге негізделеді, оның
ішінде 2/3 жағдай босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету болып табылады.
Зерттеу мақсаты: қалалық перзентханада акушерлік қан кетулерге талдау жүргізу және ықтимал
қауіп факторларын, босанғаннан кейінгі қан кетулердің себептерін анықтау, сондай-ақ амбулаториялық және стационарлық деңгейде алдын алу шараларын қарастыру.
Материалдар мен әдістер: 106 босану тарихына ретроспективті және проспективті талдау жасалды, оған Алматы қаласы №5 қалалық перзентханада 2022 жылы босанғаннан кейін қан кеткен
әйелдер алынды. Зерттелушілер 2 топқа бөлінді: негізгі топ – босанғаннан кейінгі ерте қан кетумен асқынған босанушылар (n=76) және салыстырмалы топ – физиологиялық қалыпты босанған
әйелдер (n=30). Негізгі топтағы (n=76) босанғаннан кейін алғашқы ≤ 24 сағат ішінде қан кеткендер.
Босанудан кейінгі ерте қан кеткен әйелдер тобына материалды өңдеу арқылы талдау жүргізіп белгілі бір қауіп факторларының маңыздылығының ерекшеліктері анықталды.
Ақпаратты іздеу: Интернет желісінде, PubMed дерекқорында, Қазақстан, Ресей Федерациясы және шетел әдебиетінің деректері кілт сөздер бойынша жүргізілді.
Нәтижелер мен талқылау: Босанудан кейінгі қан кету жиі қайта босанушылар арасында кездесті
–жиілігі 72,3,% құрды.
Негізгі топта соматикалық ауралардан жиі кездескені темір тапшылық анемия (64,4% қарсы 3%).
Босанғаннан кейінгі қан жоғалтқан әйелдердің жүктілік ағымында физиологиялық қалыпты босанған әйелдермен салыстырғанда жүктілік ағымының асқыну жиілігі жоғары болды. Негізгі топ босанушыларың арасында 44,7% жағдайда асқынған акушерлік-гинекологиялық анамнез орын алды:
преэклампсия 7,8%- оның ішінде 66,6% преэклампсияның ауыр дәрежесін құрады. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі 3,9% жағдайда, гестациялық артериалды гипертензия және гестациялық қант диабеті 5,2% жағдайда кездесті. Кесар тілігі абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер бойынша 14,4% жасалынды: ол қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы, босануды ынталандырудың нәтижесіздігі, ұрықтың қауіпті жағдайы, клиникалық тар жамбас, кесар тілігінен кейін жатырдағы тыртық, ірі ұрықта орын алды. Салыстырмалы топта (30) мұндай асқынулар болған жоқ.
Қорытынды: Сонымен, 2022 жылы перзенханада барлық босанушылардан (7731)- 76 әйелде акушерлік қан кету орын алды ол 0,9 % жағдайды құрады. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету 86,8%(66) жағдайда, кесар тілігінен кейінгі қан кету 10 (13,1%) жағдайда кездесті. Зерттелген
топта босанғаннан кейінгі қан кетуді тудыратын мынандай факторлар анықталды: антенаталдық факторлар — олар асқынған акушерлік-гинекологиялық анамнез- 44,7%, жүктіліктің асқынған
ағымы және интранаталдық факторлар оларға патологиялық босанулар, босану жолдарының жарақаттары, жатыр атониясы, босанудан кейінгі қан кетулер. Осы жоғарда аталып өткен қауып
қатер факторлары, шамадан тыс қан кетудің негізгі себебі жатыр атониясына алып келді. Қан
кетумен күрес, әрекет алгоритмі «Босанғаннан кейінгі қан кету», 2016 Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамасына сай жүргізілді.
Сондай-ақ, босанғаннан кейінгі қан кетуді болжау мен дер кезінде диагностикалауда медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейі мен ұжымда жұмыс істей білуі маңызды рөл атқарады.
Түйінді сөздер: жүктілілік ағымы, қауып қатер факторлар, босанудың асқынуы, ерте босанудан кейінгі қан кету, іс әрекеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Andrikopoulou M, D’Alton ME. Postpartum hemorrhage: early identifi cation challenges. Seminars in Perinatology.019;43(1):11-17. DOI:10.1053/j.
semperi.2018.11.003
2 Escobar MF, Hincapie MA, Barona JS. Immunological Role of the Maternal Uterine Microbiota in Postpartum Hemorrhage. FrontiersinImmunolo
gy020;(11):504. DOI:10.3389/ fimmu.2020.00504
3 Исенова С.Ш.,Казыбаева А.С., Бейсенова Д.Б., Ешим А.Б., Жанабатырова Г.Е., Акынбай М.С. Новые перспективы современного менеджмента при
послеродовом кровотечении (обзор литературы).// Фармация Казахстана. — 2023; (1). — С. 22-30
4 Зиганшин А. М,Бекташева И. И.Мудров В. А.Утеротонические препараты в профилактике и лечении акушерского кровотечения.//Журнал акушерства
и женских болезней. – 2021. — Том 70, №1. – С. 77-88.
5 Баблоян А.Г., Цихалова С.Г., Сакварилидзе Н.Ю. Профилактика акушерских кровотечений у пациенток групп высокого риска. Современная
лечебная тактика. //Проблемы репродукции. — 2019. — Т. 25, № 5. — С. 100-109.
6 Andrikopoulou M, D’Alton ME. Postpartum hemorrhage: early identification challenges. Seminars in Perinatology. 019;43(1):11-17. D0I:10.1053/j.
semperi.2018.11.003
7 Escobar MF, Hincapie MA, Barona JS. Immunological Role of the Maternal Uterine Microbiota in Postpartum Hemorrhage. Frontiers in Immunology.
020;(11):504.D0I:10.3389/ fimmu.2020.00504
8 Ж.С. Сабырділда, А.Б. Қумар , Л.К. Кошербаева. Анализ показателей материнского здоровья во время беременности и родов за 2017-2021гг. по гАлматы//Фармация Казахстана. – 2023. — №1. – С.178 -183.
9 Рекомендации ВОЗ по профилактике и лечению послеродового кровотечения — Книжная полка NCBI (nih.gov)
10 Утеротонические средства для профилактики послеродового кровотечения: сетевой мета-анализ — PubMed (nih.gov)
11 Асеева Е. В. Прогнозирование острой массивной кровопотери в послеродовом периоде; https://www.volgmed.ru/uploads/dsovet/
autoref/97621486120230_aseeva_evgeniya_vladimirovna.pdf
12 Послеродовоекровотечение>Клиническиепротоколы МЗРК – 2016,2023 (Казахстан) >MedElement
13 Eikenboom & Johanna G van der Bom on behalf of the TeMpOH-1 study group BMC Pregnancy and Childbirth. Association between fluid management
and dilutional coagulopathy in severe postpartum haemorrhage: a nationwide retrospective cohort study // https://bmcpregnancychildbirth.biomedcentral.com/
articles/10.1186/s12884-018-2021-9
14 Ziganshin A.M., Mudrov V.A., Lyapunov A.K. Determination of the volume of early hypotonic hemorrhage by 3d modeling of ultrasound investigation results
// Biomedical Engineering. 2020. Vol. 54. No. 3. P. 169-173. doi: 10.1007/s10527-020-09997-z
15 (PDF) FIGO recommendations on the management of postpartum hemorrhage 2022 (researchgate.net)
16 М.Н. Мочалова, А.Г Сидоркина, В.А. Мудров. Современные методы прогнозирования и диагностики послеродового кровотечения //Сибирское
медицинское образование. — 2022(4): 13-22.
17 Pantoja T., Abalos E., Charpman E., Vera C. et al. Oxytocin for preventing postpartum haemorrhage (PPH) in non-facility birth setting // Cochrane Database
Syst. Rev. 2016. Vol. 4. CD011491
18 Факторы риска послеродового кровотечения в Северной провинции Руанды: исследование «случай-контроль» — PubMed (nih.gov)
19 Надеев А.П., Карпович Г.С. Экстрагенитальные заболевания, коморбидные состояния и полиморбидность при материнской смерти //Архив
патологии. 2019;81(4):11‑16.
20 American College of Obstetricians and Gynecologists. (2020). Preeclampsia and high blood pressure during pregnancy. FAQ034. Retrieved December 30,
2020, http://www.acog.org/Patients/FAQs/Preeclampsia
21 Нечунаева А. Н. «Акушерские кровотечения» // Вестник Бурятского государственного университета. — 2018. (2)
22 Клинический протокол «Индукция родов» МЗ РК 2022
23 Гусева Е. М. Кровотечения в акушерском стационаре высокой группы риска. Клиническая статья. Научная медицина, 2018, 5 (1) 37-40.
24 Ozhiganova AA (2020) Authoritative knowledge of childbirth and obstetrics: analysis of dis¬cursive practices of Russian perinatal specialists. Population
and Economics 4(4): 84–99. https://doi.org/10.3897/popecon.4.e57267
25 Maswime S., Buchmann E. A systematic review of maternal near miss and mortality due to postpartum hemorrhage // Int. J. Gynaecol. Obstet. 2017. Vol.
137. No. 1. P. 1-7. doi: 10.1002/ijgo.12096
26 WHO recommendations: uterotonics for the prevention of postpartum haemorrhage. Geneva: World Health Organization, 2018. Доступ по ссылке: https://
apps. who.int/iris/bitstream

количество просмотров / 👁 756

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *