ОРМАН ҚАЙЫЗҒАҚШӨП (STACHYS SYLVATICA L.) СЫҒЫНДЫСЫ ҚОСЫЛҒАН ГЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Алынды: 21.11.2023 Қабылданды: 02.02.2024 Онлайн жарияланды: 29.02.2024
ӘОЖ: 615.454.1:582.929
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.96.61.042

А.Ж. Мухамедсадыкова1, К.К. Кожанова1, Г.М. Кадырбаева1, А.А. Ақылова 1
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

ОРМАН ҚАЙЫЗҒАҚШӨП (STACHYS SYLVATICA L.) СЫҒЫНДЫСЫ ҚОСЫЛҒАН
ГЕЛЬДІҢ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Түйін: Аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында өсімдік тектес дәрілік заттарды қолдану
қазіргі күнге дейін өзекті мәселе. Бұның ерекшелігі созылмалы ауруларды емдеуде дәрілік өсімдіктер мен олардың негізіндегі препараттардың синтетикалық дәрілік препараттарға қарағанда жанама әсерлерінің төмен болуымен және адам ағзасына кешенді әсерінің ерекшелігіне байланысты.
Жалпы, әлемдік фармацевтикалық нарық өсімдік тектес дәрілік препараттарды және биологиялық белсенді қоспаларды тұтынудың өсуімен сипатталады. Бұл ретте отандық фармацевтикалық нарықтың жалпы көлеміндегі дәрілік заттардың осы санатының үлесі 7-10%-ын құрайды. Еуропалық Одақ елдерінде ұқсас өнімдер фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 10%-на тең.
Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бұл көрсеткіш 40% — ға жетеді [1].
Сондықтан Қазақстан Республикасында жергілікті өсімдіктерден шикізаттарды және оның негізінде дәрілік препараттарды өндіру осы саланың маңызды мәселелерінің бірі. Мәселе шешу үшін
отандық ғалымдардың соңғы кезде назарын аударған өсімдіктің бірі — Орман қайызғақшөбі (Stachys
sylvatica L.). Зерттеулер Stachys тұқымдас өсімдіктер биологиялық белсенділіктің кең спектрін
көрсететін әртүрлі қосылыстардың бай көзі екенін көрсетті: антиоксидант, ісікке қарсы, микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсерге ие. Ертеде Еуропа елдерінде оны «woundwont» деп атаған,
ол жара жазатын шөп деген мағынаны білдіреді.
Мақалада аталған өсімдік шикізатынан экстрагент — 50% этил спирті қатысында перколяция әдісімен алынған концентрленген сұйық экстракт негізгі белсенді компонент ретінде гель құрамына
қосылып, бірнеше модельдер алынғаны және технологиялық параметрлері бойынша гельдің рациональды құрамы мен оңтайлы технологиясы таңдалып, сапа көрсеткіштеріне фармакопеялық әдістермен сынау жүргізіліп, сапа спецификациясы құрастырылғаны баяндалды.
Түйінді сөздер: орман қайызғақшөп, Stachys sylvatica L., гель, қабынуға қарсы, вербаскозид, полифенолды қосылыстар, кемпферол, оңтайлы құрам, өндіру технологиясы, сапа көрсеткіштері.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мухамедсадыкова А.Ж. Орман қайызғақшөп Stachys sylvatica L. Өсімдік шикізатының ғылыми және халық медицинасында қолданылуы IV
Международное книжное издание стран Содружества Независимых Государств «Лучший Молодой Ученый — 2021» (г.Нур-Султан 2021 ж.).
2 Alizadeh F., Ramezani M., Piravar Z. Effects of Stachys sylvatica hydroalcoholic extract on the ovary and hypophysis-gonadal axis in a rat with polycystic
ovary syndrome. Middle East Fertil. Soc. J. 2020;25:1–7.
3 Перспективы использования фитопрепаратов в современной фармакологии [Электронный ресурс]: офиц. текст. Т.В. Самбукова [и др.] //
Фитофармакология. ‒2017.‒Т.15.‒№2.‒С56–63.
4 Бойченко Н.Б. Мягкие лекарственные формы. Технология приготовления и особенности прописи рецептов: метод. указания [Электронный ресурс]
/ Н.Б. Бойченко, В.А. Колесников. – Красноярск, 2016. – С. 29.
5 Касымова Д.Т., Алиева А.Б., Жузеева М.С., Жусупова Г.Е. Ультразвуковая экстракция как способ оптимизации технологии извлечения биологически
активных веществ из растений вида Limonium Gmelinii //Известия Научно-Технического Общества «КАХАК». — 2020. — № 2 (69). – 58 c.
6 Delnavazi M.R., Saiyarsarai P., Jafari-Nodooshan S., Khanavi M., Tavakoli S., Hadavinia H., Yassa N. Cytotoxic flavonoids from the aerial parts of Stachys
lavandulifolia Vahl. Pharm. Sci. 2018; 24:332–339. doi: 10.15171/PS.2018.47.
7 Elfalleh W., Kirkan B., Sarikurkcu C. Antioxidant potential and phenolic composition of extracts from Stachys tmolea: An endemic plant from Turkey. Ind. Crop.
Prod. 2019, 127, 212–216, doi:10.1016/j.indcrop.2018.10.078.
8 Чиряпкин А.С., Золотых Д.С., Поздняков Д.И. Обзор биологической активности флавоноидов: кверцетина и кемпферола // Juvenis scientia. 2023.
Том 9. № 2. С. 5-20.
9 Mansourian, M., Mirzaei, A., Azarmehr, N., Vakilpour, H., Kokhdan, E. P., & Doustimotlagh, A. H. (2019). Hepatoprotective and antioxidant activity of
hydroalcoholic extract of Stachys pilifera. Benth on acetaminophen-induced liver toxicity in male rats. Heliyon, 5(12), e03029.
10 Lee J-H, Kim G-H. Evaluation of Antioxidant and Inhibitory Activities for Different Subclasses Flavonoids on Enzymes for Rheumatoid Arthritis. Journal of
Food Science. 2010;75(7):H212-H217. DOI: 10.1111/j.1750-3841.2010.01755.

количество просмотров / 👁 737

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *