ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Получена: 26.03.2024 Принята: 30.05.2024 Опубликована
UDC 615.1:37
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.39.14.024
М.Т.Әли, Н.А.Мингишева, Г.Г.Алиева, Г.Б.Алипбекова
ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
История казахской медицины: опыт студентов Медицинского университета Караганды
Kazakh medicine history: experience of Karagandy Medical university
Коммерциялық емес ақционерлік қоғам «Қарағанды медицина университеті»
Некоммерческое акционерное общество «Медицинский университет Караганды»
Non-commercial joint-stock company “Karaganda medical university”
Түйіндеме:
2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарында Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және
әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасында «Стоматология» мамандығында оқитын студенттер «Қазақ медицинасының
тарихы» атты элективті пәнді өтті. Пәннің мақсаты Қазақстандағы медицинаның әлеуметтік-мәдени құбылыс
ретінде дамуына тарихи-танымдық талдау болды.
Жаңа элективті пән өткізілгеніне орай, зерттеудің мақсаты білім алушылардың аталған пәнді қалай
қабылдағанын және олардың пікірлерін анықтауға бағытталды.
Білім алушылардың өткен элективті пәннен алған әсерін анықтау үшін сауалнаманы өткізуге жөн көрдік.
Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 100% аталған пәнге оң баға берді. Дәріс материалдары
студенттердің көпшілігіне түсінікті және қолжетімді болды және бұл пән олардың әрі қарай білім алуына да пайдалы
болды. Білім алушылар келесі тақырыптарға: «Қазақ медицинаның тарихына кіріспе: мақсаты, міндеттері, пәні мен
нысаны, дереккөздері, тарихнамасы және пәннің әдістері», «Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы
сипаттамасы және ерекшеліктері», «Қазақ медицинадағы емдеу әдістерінің этнографиялық сипаттамасы» және
«Қазақстан Республикасындағы заманауи денсаулық сақтау жүйесін жобалау. Қазақстанның медициналық жүйесінің
даму тенденциялары мен болашағы» қызығушылық танытты. Респонденттердің 95% болашақта осы пәнді оқудың
пайдалылығы мен қажеттілігіне, пәнді оқу барысында қызықты ақпарат алуына байланысты басқа студенттерге де
ұсынамыз деп атап өтті. Осы мәлімет олардың сауалнамадағы жауаптарымен расталады.
Кілт сөздер:
Қазақ медицинасының тарихы, білім алушылар, сауалнама, элективті пән, медицина университеті, тәжірибе,
білім беру

количество просмотров / 👁 495

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *