«ХЕЙД СИНДРОМЫН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ: АОРТА ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫ БАР НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРБИЕСІ». КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.

Алынды: 22.02.2025 Қабылданды: 22.05.2025 Онлайн жарияланды: 27.06.2025
УДК: 616.132-007.271-07-071
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.3.6
«ХЕЙД СИНДРОМЫН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ: АОРТА ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ
ТАРЫЛУЫ БАР НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРБИЕСІ». КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
К.М. Кеделбаева 1, Ш. Раушанова 1, А.Ж. Жумагелдина 1, Г.К. Искакова 2,І.Ж.Әбілдаева2
1КЕАҚ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»,
Алматы, Қазахстан
2 АҚ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты», Алматы, Қазахстан
Түйін: Бұл мақалада 72 жастағы ауыр дәрежедегі аорта қақпақшасының тарылуы, ішек
ангиодисплазиясы мен қайталанбалы асқазан-ішек жолдарынан қан кету нәтижесінде
созылмалы анемияға шалдыққан науқас жайлы клиникалық жағдай көрсетілген. Заманауи
диагностикалау әдістері мен кешенді емдеу, соның ішінде аорта қақпақшасының тарылуын
хирургиялық жолмен түзетудің маңыздылығына назар аударылады. Көпсалалы көзқарас
аталған науқастарды сәтті емдеу мен өмір сүру деңгейін жоғарылатудың негізгі кілті болып
табылады.
Мақсаты: Сирек кездесетін аорта қақпақшасының тарылуы мен ішек тамырларының
аномалиясын қамтитын Хейд синдромын көрсету.
Әдістері: Стационарлық науқастың медициналық картасы мен анамнезіне талдау жасалынды.
Нәтижелер: Қаназдық, бас айналудың соңында жүретін естен танулар мен кеуде тұсындағы
жайсыздық бойынша бірнеше рет стационарлы ем алған науқаста Хейд синдромы анықталды.
Қорытынды: Авторлар аталған синдромды диагностикалау мен емдеуде көпсалалы көзқарас
қажеттілігін атап өтеді, оған: анемияны түзету, эндоскопиялық араласулар, аорта
қақпақшасын протездеу кіреді, бұл қан кетулердің негізгі себебін жойып, болжамы мен
науқастың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Ангиодисплазия, аорта қақпақшасының тарылуы, Хейд синдромы, анемия.

Скачать: [:ru]6-Кедельбаева К[:]
Скачано: 5, размер: 399.5 KB
количество просмотров / 👁 34

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *