ТЮРИНГЕН ҮЛБІРЕГІ (LAVATERA THURINGIACA L.) СЫҒЫНДЫСЫ ҚОСЫЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ТАҢДАУ

DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.29.30.032

А.К. Асылбаева, Т.С. Бекежанова, К.К. Кожанова
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

ТЮРИНГЕН ҮЛБІРЕГІ (LAVATERA THURINGIACA L.) СЫҒЫНДЫСЫ ҚОСЫЛҒАН
ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ТАҢДАУ

Түйін: Дүниежүзі бойынша қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді пайдалану мөлшері жыл сайын артуда. Оның негізгі сепебтерінің бірі халықтың арасында ауру түрлерінің көбеюі, дәрі-дәрмекке деген микроағзалардың төзімділігінің артуы, сол себепті дәрінің әсерінің төмендеуі болып табылады. Зерттеу жүргізе отырып соңғы уақытта әлем бойынша вирустық ауру түрлері кеңінен
таралғанын байқаймыз. Оның ең негізгі қоздырушыларының бірі микроағзалардың әсерінен туындайтын әртүрлі бактериялар екені анықталды. Осы зерттеу негізінде Қазақстан аумағында өсетін,
микробқа қарсы белсенділік көрсететін Lavátera thuringíaca L. өсімдік шикізатынан таблетка алу
көзделініп отыр. Зерттеу бойынша аталған дәрілік өсімдік экстракциясы арқылы таблетка алу
және оның сапасын бағалау қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта дәрілік формалардың ішінде ең
көп таралғаны ол таблетка. Оны пайдалану ыңғайлылығымен, тазалық жағдайымен сонымен қатар
сіңіру жылдамдығының жоғары болуын атап өтсек болады. Осы негізде Қазақстанда ең алғашқы
рет тюринген үлбірегі (Lavátera thuringíaca L.) дәрілік өсімдік шикізаты негізінде алынған құрғақ
экстракттың сапа көрсеткіштері анықталынды, фармако-технологиялық қасиеттеріне сәйкес
толықтырғыштар таңдалынды, таблетканың оңтайлы құрамы таңдалынып алынды және алынған
таблетканың сапа көрсеткіштері анықталынды.
Өсімдік негізінде алынған дәрілік түрді қолданысқа енгізу, халықты дәрімен қамтамасыз етуді
жетілдіру, әр түрлі аурулардың алдын алу мен емдеу денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді, осы негізде тюринген үлбірегі (Lavatera thuringiaca L.) сығындысы негізінде алынған
дәрілік заттың оңтайлы құрамын таңдау бойынша зерттеу нәтижелері берілді.
Түйінді сөздер: дәрілік өсімдік шикізаты, дәрілік түр, микроағзалар,экстракт, бактерия, таблетка.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Донецкая Е. Лекарственные растения в быту, медицине, косметике. Описание растений, выращивание и сбор, сроки хранения, показания, рецепты,
противопоказания, косметика. – М., 2015. – Т.1: – С.448: ил. – (Популярная энциклопедия).
2 Азарова, О.В. Флавоноиды: механизм противовоспалительного действия / О.В. Азарова, Л.П. Галактионова // Химия растительного сырья. – 2012.
– № 4. – С. 61–78.
3 Государственная Фармакопея Республики Казахстан. – Алматы: Издательский дом «Жибекжолы», 2008. – Т.1. – 592 с.
4 Изучение фармакологической активности полисахаридов хатьмы тюрингенской (Lavatera thuringiaca L.) и сиды многолетней (Sida napaea Cav.) / В.Г.
Беликов, Л.М. Макарова, С.В. Меньков и др. // Разработка, исследование и маркетинг новой фармацевтической продукции: сб. науч. тр. – Пятигорск,
2007. – Вып. 62. – С. 438-440.
5 Пастушенков Александр Леонидович., Лекарственные растения и лекарственное растительное сырье с противомикробным действием как путь
преодоления лекарственной устойчивости микроорганизмов к действию антибактериальных препаратов// Россия, г. Санкт-Петербург, 2018.-С. 20-24

количество просмотров / 👁 1034

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *