КӘДІМГІ КИІКОТЫ (ORIGANUM VULGARE L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЭКТРАКТТАР АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ

Алынды: 12.01.2024 Қабылданды: 04.06.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
ӘОК 615.011.5:582.929
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.33.93.041
Ә.Қ. Тұрдыбай, М.А. Жандабаева, А.Қ. Сарқытбекова, К.Т. Раганина, Р.Б. Аюпова
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
КӘДІМГІ КИІКОТЫ (ORIGANUM VULGARE L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЭКТРАКТТАР
АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ
Түйін: Еліміздің фармацевтика нарығында табиғи тектес дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынатын өсімдік текті
препараттар үлесін көбейту үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл мәселені шешудің жолы жан – жақты зерттеу
және жергілікті табиғи шикізатты ұтымды пайдаланудың көмегімен жүзеге асады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы
синтетикалық шикізаттармен салыстырғанда табиғи шикізаттың қолжетімділігі мен арзандығын ілгерлету қажет.
Осы орайда кәдімгі киікоты (Origanum vulgare L.) өсімдіктің шикізат қоры да жеткілікті. Бұл мақалада кәдімгі
киікоты (Origanum vulgare L.) өсімдігінің жер үсті бөлігінен ультрадыбыстық және циркуляциялық (Сокслет
аппаратымен) экстракция әдістерімен құрғақ экстракттар алынды. Кәдімгі киікоты (Origanum vulgare L.) – ДӨШ
алынған экстракттардың химиялық зерттеулері газды хроматография масс-спектрометрия әдісімен анықталынды.
Нәтижесінде Сокслет аппараты арқылы алынған экстракттың химиялық құрамында 71 қосылыс, ультрадыбысты
әдіспен алынған экстракт құрамынан 35 қосылыстар анықталды. Экстракттың шығымы және фармакологиялық
әсері жоғары биологиялық белсенді заттардың жоғары болуына байланысты Сокслет аппараты арқылы алынған
экстракт белсенді болып танылды.
Түйінді сөздер: Кәдімгі киікоты, құрғақ экстракт, ультрадыбыстық әдіс, Сокслет аппараты, газды хроматография
масс-спектрометрия әдісі.

количество просмотров / 👁 557

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған