ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ТУЫНДАТАТЫН НЕГІЗГІ ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ

Алынды: 23.02.2023 / Қабылданды: 06.06.2023 / Онлайн жарияланды: 30.06.2023
УДК 618:578.834.1
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.45.95.018

С.А.Туктибаева1, К.Н.Рыскельдиева1, К.С.Кемельбеков2
1 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан, Қазақстан
2 Южно-Казахстанская медицинская академия, Шымкент, Қазақстан

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ТУЫНДАТАТЫН НЕГІЗГІ
ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ

Түйін. COVID-19 коронавирус инфекцияның қоздырғышы — жаңа SARS-CoV-2 вирусы болып табылады.
2020 жылы наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекцияның пандемиясын
жариялайды (SARS-CoV-2). 2021 жылдың наурыз айында бүкіл әлемде 119 миллион адам осы инфекциямен ауырып, 94,7 миллион адам сауығып, 2,6 миллион адам қайтыс болады. Қазақстанда бұл инфекциямен 1,39 млн адам ауырып, 1,29 млн адам сауықты, 19 мың адамда ауру өліммен аяқталды.
Зерттеудің мақсаты: COVID-19 жағдайында туындайтын жүктілік кезіндегі асқынуларға медициналық әлеуметтік тұрғыдан баға беру және COVID-19 ауырған жүкті әйелдердегі жүктіліктің және
босанудың ағымы бойынша ретроспективті талдау жүргізу.
Зерттеудің материалдары мен әдістері: Жүкті әйелдердегі COVID-19 инфекцияның негізгі қауіпқатер факторларын зерттеу үшін COVID-19 инфекцияның клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер мен дені сау жүкті әйелдердің клинико-анамнездік және медико-әлеуметтік белгілері бойынша
талдаулар негізінде анкета жүргізілді.
Қорытынды: Демографиялық факторлар: жүктілік жасының 35-тен асқан сайын COVID-19 жұқпасының деңгейі арта түскен. Тұрмыстық жағдайлары төмен және орташа отбасыда, анасының білім деңгейінің төменде, COVID-19 жұқпасы туындау қауіп-қатер факторының әсерінің жоғарлауына
септігін тигізген. Корреляциялық байланыс тікелей күшті оң мәнді көрсетті, яғни r=0,814 (p>0,05).
Әлеуметтік-гигиеналық факторлар: жүкті әйелдің темекі шегуі, шаңды поллютанттармен жұмыс,
алкоголизм жедел ұрықтың даму ақауын туындауына жоғары деңгейде әсер еткен. Корреляциялық
байланыс- тікелей оң, орташа, r=0,584. Медико-биологиялық факторлар: жедел респираторлы ауруы қауіп-қатер факторы ретінде ұрыққа және жүктілік ағымына өте жоғары деңгейде әсер еткен.
Түйінді сөздер: Қауіп-қатер факторлар, гестоздар, созылмалы пиелонефрит, алкоголизм, отбасылық жағдай, зиянды әдеттер, пневмония.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

1. Liu D., Li L., Wu X., Zheng D. et al.. Pregnancy and perinatal outcomes of women with coronavirus disease (COVID-19) pneumonia: a preliminary analysis.
AJR Am. J. Roentgenol. 2020; Mar 18: 1-6.
2. Li N., Han L., Peng M., Lv Y. et al. Maternal and neonatal outcomes of pregnant women with COVID-19 pneumonia: a case-control study. Clin. Infect. Dis.
2020; Mar 30. pii: ciaa352.
3. Yu N., Li W., Kang Q., Xiong Z. et al. Clinical features and obstetric and neonatal outcomes of pregnant patients with COVID-19 in Wuhan, China: a
retrospective, single-centre, descriptive study. Lancet Infect. Dis. 2020; 20(5): 559-64.
4. Schwartz D.A. An analysis of 38 pregnant women with КОВИД-19, their newborn infants, and maternal-fetal transmission of SARS-CoV-2. Arch. Pathol.
Lab. Med. 2020; Mar 17.
5. Tekbali A., Grünebaum A., Saraya A. et al. Pregnant versus non-pregnant SARS-CoV-2 and COVID-19 Hospital Admissions: The first 4 weeks in New York.
Am. J. Obstet. Gynecol. 2020; doi: S0002-9378(20)30437-3.
6. Chen S., Liao E., Cao D. et al. Clinical analysis of pregnant women with 2019 novel coronavirus pneumonia. J. Med. Virol. 2020; Mar 28.
7. Chen H., Guo J., Wang C., Luo F. et al. Clinical characteristics and intrauterine vertical transmission potential of COVID-19 infection in nine pregnant women:
a retrospective review of medical records. Lancet. 2020; 395(10226): 809-15.
8. Favre G., Pomar L., Musso D.et al. 2019-nCoV epidemic: what about pregnancies? Lancet. 2020; 395(10224): e40.
9. Mullins E., Evans D., Viner R.M. et.al. Coronavirus in pregnancy and delivery: rapid review. Ultrasound Obstet. Gynecol. 2020; 55(5): 586-92.
10. Schwartz D.A., Graham A.L. Potential maternal and infant outcomes from (Wuhan) coronavirus 2019-nCoV infecting pregnant women: lessons from SARS,
MERS, and other human coronavirus infections. Viruses. 2020; 12(2).
11. Panahi L., Amiri M., Pouy S. Risks of novel coronavirus disease (КОВИД-19) in pregnancy; a narrative review. Arch. Acad. Emerg. Med. 2020; 8(1): e34.

количество просмотров / 👁 1608

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *