FERULA ASAFOETIDA L. ЖЕР АСТЫ БӨЛІГІ КӨМІРҚЫШҚЫЛДЫ ЭКСТРАКТЫСЫНЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Получена: 29.05.2024 Принята: 30.05.2024 Опубликована online: 29.06.2024
УДК: 615.322:615.451.16
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.69.42.040
Н.А. Рахымбаев1, Б.К. Махатов2, К.С. Жакипбеков1, Р.М. Анарбаева3,
Г.Н. Тобагабылова3, Н.О. Макашева1, Н.А. Асылова3, С.Е. Нурбаева3
1«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан
2«Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығы» ЖШС, Шымкент, Қазақстан
3«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент, Қазақстан
FERULA ASAFOETIDA L. ЖЕР АСТЫ БӨЛІГІ КӨМІРҚЫШҚЫЛДЫ
ЭКСТРАКТЫСЫНЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
Түйін. Сасық қурай (Ferula asafoetida L.) ертеден түрлі елдердің халықтық медицинасында қолданылып келген
бағалы өсімдік. Зерттеудің мақсаты Ferula asafoetida өсімдігі жер асты бөлігінен алынған көмірқышқылды
экстрактысының химиялық құрамын зерттеп, оның негізінде дәрілік құралдар жасаудың мүмкіндіктерін
қарастыру. Көмірқышқылды экстракциялау әдісі қазіргі кезде кеңінен қолданылатын тиімді, қауіпсіз, заманауи
әдістердің бірі болып табылады. Ferula asafoetida көмірқышқылды экстрактысының химиялық құрамын газды
хроматография-масс-спектрометрия (ГХ-МС) әдісімен талдау барысында жалпы 33 химиялық қосылыс анықталды
және оның 34,39%-ын күкіртті байланыстар құрады. Анықталған күкіртті байланыстар фармацевтикалық өндірісте
микробқа қарсы өсімдік текті препараттар жасауда қолданылуы мүмкін.
Түйінді сөздер: сасық қурай, Ferula asafoetida, көмірқышқылды экстракт, дәрілік өсімдік шикізаты, биологиялық
белсенді заттар, ГХ-МС

количество просмотров / 👁 12

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *