ІЛЕ АЛАТАУ ЛАҚСА (ECHINOPS ALBICAULIS) ТАМЫРЫНЫҢ ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Алынды: 23.07.2024 Қабылданды: 18.07.2024 Онлайн жарияланды: 30.08.2024

УДК 615.454.1:582.998

DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.48.24.026

 

Л.Н. Киекбаева1, А.М. Қинаят1, Р.Б. Аюпова1, Ж.А. Сабырқұл1,

Н.З. Ахтаева2, А.Г. Куанышбекова3, А.С. Мухаметжан3

1КЕАҚ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті», Алматы, Қазақстан

2«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», Алматы, Қазақстан

3«Алматы қаласы химия — биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», Алматы, Қазақстан

 

ІЛЕ АЛАТАУ ЛАҚСА (ECHINOPS ALBICAULIS) ТАМЫРЫНЫҢ ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ

 

Түйін:  Табиғи тектес дәрілік шикізаттар өздерінің уыттылығының, жанама әсерлерінің аз немесе жоқ болуына байланысты соңғы уақытта көп сұранысқа ие. Қазақстандағы флора қоры өте бай болып келеді, сондықтан оны болашақта ұтымды пайдалану, сақтау, тереңірек зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру қазіргі кезде маңызды мәселе болып табылады. Осы мәселелерді шеше келе, отандық фармацевтика саласының дамуы, Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттардың ассортиментінің көбеюі іске асады. Мақалада Іле Алатау лақса тамыр экстрактысының құрамында көптеген биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты антиоксиданттық әсерге ие екендігі жазылған.  Іле Алатау лақсасының құрғақ экстрактісі перколяция әдісімен алынды. Газды хроматография масс-спектрометриялық әдіс арқылы Іле Алатау лақса экстрактысының құрамында 35 маңызды қосылыстар табылған. Олардың ішінде, эхинорин және эхинопсин алкалоидтары ең көп мөлшерде болып, негізгі белсенді заттар ретінде көрсетілді. Алкалоидтардан бөлек, флаваноид қосылыстары рутин және кверцетин жоғары эффективті сұйық хроматография әдісімен таза күйінде бөлініп алынды. Таңдалынған дәрілік қалып — жақпа майдың қасиеттері, жұмыс барысында қолданылған негіз түрлерінің қасиеттері сиаптталды. Құрамындағы белсенді заттардың қасиеттеріне байланысты, жақпа май антиоксиданттық, қабынуға қарсы, терінің қорғаныштық қасиетін жоғарлататын әсерге ие. Компоненттердің бір-бірімен үйлесімдлігі және олардың физика-химиялық қасиеттері ескеріліп, 5 модель жасалынды. Жұмыс барысында Іле Алатау лақса тамыр экстрактысы негізінде оңтайлы жақпа май құрамы ұсынылды. Нәтижесінде, құрамында 3% Іле Алатау лақса құрғақ экстрактысы бар  эмульсиялық жақпа май әзірленді. Алынған жақпа май сапа көрсеткіштері бойынша бақыланып, кесте түрінде көрсетілді.

Түйінді сөздер: Іле Алатау лақсасы, жақпа май, Echinops albicaulis, Echinops L., эхинорин, эхинопсин, негіздер, антиоксиданттық әсер, сапа спецификациясы.

количество просмотров / 👁 229

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *