ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ  ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Алынды: 21.01.2024 Қабылданды: 22.07.2024 Онлайн жарияланды: 30.08.2024

УДК: 616.5-002

DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.17.79.022

 

Ш.Ж. Жұманов1, Н.Ә. Құрбанбеков2, Н.Н. Сейсенбаев3, А.Д. Ахметжан4,Л.Б. Сейдуанова4, А.Б. Құмар4 

 С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ резидент дәрігері, Алматы, Қазақстан

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Жаңа туған нәрестелердің анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімі, Алматы, Қазақстан

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, Алматы, Қазақстан

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасы, Алматы, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ  ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Түйін:

Өзектілігі. Барлық медициналық мамандықтардың ішінде анестезиология және реанимация ең көп жауапкершілікті талап ететін мамандықтардың бірі болып саналады.  Қазіргі таңда Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы штаттық бірліктер санының 5 пайызын құрайды.

Зерттеу әдістемесі. Бұл мақалада 2003-2022 жылдардағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығының көрсеткіштері бойынша Статистикалық материалдар жинағының деректері негізінде талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасы тұрғындарын анестезиолог-реаниматологтармен қамтамасыз ету көрсеткіші және оның динамикасы зерттелді.

Зерттеу нәтижелері. 2003–2022 жылдардағы динамика бойынша анестезиолог-реаниматологтар саны 56,7%-ға ұлғаю тенденциясына қарамастан, халық санының өсуіне байланысты ірі қалаларда қамтамасыз ету көрсеткіші әлдеқайда төмендегені байқалады. Халықты анестезиолог-реаниматологтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 2013 жылы республика бойынша тұтастай алғанда 10 000 тұрғынға шаққанда 1,3 құрады және жиырма жылдық динамикада бойынша шамамен сол деңгейде қалды (2022ж. – 1,5).

Қорытынды. Денсаулық сақтау саласының кезек күттірмейтін міндеті – медициналық кадрлардың, яғни алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің де, мамандандырылған мамандардың да тапшылығы мәселесін шешу. Осыған орай, елімізде анестезиолог-реаниматологтардың тапшылығын жою бойынша шаралар қажет.

Түйін сөздер: анестезиолог, реаниматолог, кадрмен қамтамасыз етілу, ҚР.

 

количество просмотров / 👁 166

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *