ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІ

Алынды: 27.03.2024 Қабылданды: 04.10.2024 Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК: 616.5-002
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.67.24.026
С.А.Туктибаева1, К.Ж.Кенесова2, Б.К.Алимов3, Ф.Д.Хатамов1
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент, Қазақстан
2Оңтүстік Қазақстан медициналық академия, Шымкент, Қазақстан
3Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Астана, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІ
Түйін. Ғылыми мақала ең перспективалы бағыттардың бірі-телемедицинаны енгізу мәселесіне арналған. Бірқатар
анықтамалар беріледі, енгізудің кейбір аспектілері, қазіргі жағдайда телемедициналық технологияларды қолдану
ерекшеліктерін талдау, перспективалар қысқаша қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты. Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін телемедициналық технологияларды
қолдану арқылы зерделеу.
Әдістері. «Дәрігер-дәрігер» форматындағы телемедициналық кеңес берудің ерекшеліктері үшін қазіргі заманғы
әдістер кешені қолданылды: социологиялық, математикалық-статистикалық, медициналық-статистикалық.
Сонымен қатар отандық және шетелдік әдебиеттерді, нормативтік құқықтық құжаттарды, телемедициналық
технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетудің есептіліктің статистикалық нысандарын
талдауды қамтыды.
Нәтижелері. Телемедициналық кеңестер өңірлерде сұранысқа ие болуы жоғары деңгейде қалып отыр. Ең белсенді
өңірлер Түркістан облысы, бұдан әрі Ақмола облысы, Маңғыстау облысы болып табылады. Қостанай облысы.
Терапевтік бейіндегі ең көп сұралған мамандар: гастроэнтеролог, гепатолог, нефролог, ревматолог, кардиолог,
пульмонолог, эндокринолог, реаниматолог. Өңірлерде мамандардың үлкен тапшылығы байқалады, ол өз кезегінде
профильді мамандардың кеңестерін қажет етеді.
Қорытынды. «Дәрігер-дәрігер» форматындағы телемедицинаны кешенді талдауға арналған жұмыстар саны өте
шектеулі.
Түйінді сөздер: телемедицина, дәрігер, кеңес беру.

количество просмотров / 👁 292

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *