КЕРАТОПЛАСТИКАДАН КЕЙІНГІ АМЕТРОПИЯНЫ ТҮЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)

Алынды: 13.03.2024 /Қабылданды: 27.09.2024 /Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК: 617.72
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.24.42.013
Н. Д. Темирова, М. С. Сулейменов, З. Т. Утельбаева, А. А. Бердишева, Д. Р. Төлеген
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы. Қазақстан
КЕРАТОПЛАСТИКАДАН КЕЙІНГІ АМЕТРОПИЯНЫ ТҮЗЕТУ ТӘСІЛДЕРІ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
Түйін:
Мақсаты. Кератопластикадан кейінгі аметропияны түзетудің қолжетімді оптикалық әдістерінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін талдау.
Материалдар мен әдістер: Кератопластикадан кейінгі аметропияны (КПКА) түзету жөніндегі әдебиетті іздеу 2022
жылға дейінгі PubMed, Scopus, Elibrary дерекқорлары негізінде жүргізілді. Шолу тақырыбы бойынша, оптикалық
түзетудің қолжетімді әдістерін бақылаудың көпжылдық әлемдік тәжірибесін қоса алғанда, барлығы 52 мақала
іріктелді.
Нәтижелер. Қазіргі уақытта КПКА көзілдірік және жанаспалы түзетуден басқа, хирургиялық түзету әдістері
кеңінен таралған. Оларға сына тәрізді (клиновидная) резекция, кератотомияның әртүрлі нұсқалары,
интраокулярлық линзаларды имплантациялау, интрастромалдық қасаң қабық сегменттерді имплантациялау,
сондай-ақ лазерлік түзету әдістері жатады. Пациенттің жеке клиникалық және функционалдық параметрлеріне
сәйкес КПКА түзетудің оңтайлы оптикалық әдісін таңдау мәселесі өте маңызды болып қалуда. Бұл өз
артықшылықтары мен кемшіліктері бар КПКА түзетудің көптеген әртүрлі әдістерінің болуына, сондай-ақ жаңа,
неғұрлым жетілдірілген және тиімді әдістемелерді әзірлеу қажеттілігіне байланысты.
Қорытынды. КПКА түзетудің оң жақтары да, теріс жақтары да бар көп әдістерінің болуына байланысты және
пациенттердің клиникалық-функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, КПКА түзетудің тиімді және қауіпсіз
оптикалық әдісін жеке әзірлеу қажеттілігі туындайды. Бұдан басқа, КПКА жоғары және ассиметриялық мәндерін
түзетуге қабілетті жаңа әдістерді әзірлеу қажет.
Түйінді сөздер: өтпелі кератопластика, кератопластикадан кейінгі аметропия, склералық жанаспалы линзалар,
кератотомия, фемтосекундты лазер, интраокулярлы линза, қасаң қабық сегменттері, кератотопография,
кератоэктазия.

количество просмотров / 👁 21

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *