САҢЫРАУҚҰЛАҚ КЕРАТИТТЕРІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ЕМІ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)

Алынды: 13.03.2024/Қабылданды: 27.09.2024/Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК 616.316-06:616.5-002.828-07-08
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.60.91.014
Н. Д. Темирова, М. С. Сулейменов, З. Т. Утельбаева, А. А. Бердишева, Н. Қ. Абтыхали
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан
САҢЫРАУҚҰЛАҚ КЕРАТИТТЕРІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ЕМІ
(ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)
Түйін. Саңырауқұлақ кератиті — бұл көздің қасаң қабығының ауыр инфекциясы, ол көбінесе соқырлыққа және көру
қабілетінің жоғалуына әкеледі. Жалпы, саңырауқұлақ кератиті ылғалдылығы мен температурасы жоғары
тропикалық және субтропикалық аймақтарда жиі кездеседі. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері, ауылдық
жерлерде тұратын адамдар мен жанаспалы линзаларды киетін пациенттерде саңырауқұлақ кератитінің даму қаупі
жоғары. Кератитке кейбір ерекше саңырауқұлақтардың Fusarium, Aspergillus, Candida және Curvularia түрлері де
әкеледі. Географиялық және кәсіби факторлардан басқа, саңырауқұлақ кератитінің басқа қауіп факторларына
көздің жарақаты, кортикостероидты көз тамшыларын қолдану және иммундық жүйенің әлсіреуі жатады. Ерте
диагностика мен емдеу көру қабілетін сақтай алады. Саңырауқұлақ кератитіне қатысты соңғы зерттеулер туралы
түсінік алу үшін, соңғы 30 жылдағы әдебиеттерге шолу жасалды. Саңырауқұлақ кератитімен жыл сайын
миллионнан астам адам зардап шегуіне байланысты, әрбір елде арзан, қарапайым диагностикалық әдіс және
қолжетімді ем қажет.
Түйінді сөздер: офтальмомикоз, саңырауқұлақ кератиті, кератомикоз, қасаң қабықтың жарасы, Fusarium,
Aspergillus, Candida.

количество просмотров / 👁 57

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *