AJANIA FRUTICULOSA (LEDEB.) POLJAK. ӨСІМДІГІНЕН ҚОЮ СЫҒЫНДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Получена: 17.08.2024/Принята: 09.12.2024/Опубликована online: 30.12.2024
UDC: 615.451.16:582.998.1
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.27.81.028
А.М. Джакиянов1, Л.Н. Ибрагимова1, Ч.И. Ридванов2, З.Б. Сакипова1, М.К. Сулейменов1, З.Б. Алламбергенова1
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
2 ТОО «Абди Ибрахим Глобал Фарм», Қазақстан Республикасы
AJANIA FRUTICULOSA (LEDEB.) POLJAK. ӨСІМДІГІНЕН ҚОЮ СЫҒЫНДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Түйін: Мақалада Ajania fruticulosa (Ledeb.) Poljak. өсімдігінен қою сығындыны алу технологиясы ұсынылған. 34
минут 40 кГц жиілікте ультрадыбыстық экстракция шарттарында 12 сағаттық ылғалдандыру және температурасы
53 °C аспайтын жағдайда, шикізат пен экстрагенттің 1:10 қатынасында, 90% этанолды пайдаланып жүргізілді.
Сәйкесінше шарттарда экстрактивті заттардың шығымы 28,01% құрады. Экстракция процесінің тиімділігіне әсер
ететін шикізаттың фармацевтикалық-технологиялық параметрлері зерттелді. Алынған сығынды грам-оң
бактериялар Staphylococcus aureus және Bacillus cereus-ке қарсы айқын антибактериалдық қасиеттер көрсетті,
сондай-ақ тышқандарға жүргізілген сынақтарда төмен уыттылығы (LD₅₀  – 5000 мг/кг) байқалды. Жасалған
технология Қазақстан Республикасында патенттелген және жаңа антибактериалдық өсімдік препараттарын
жасауда перспективті болып табылады.
Түйінді сөздер: Ajania fruticulosa, мацерация, ультрадыбыстық экстракция, технология, эксперименттерді
жоспарлау (DOE), Minitab.

количество просмотров / 👁 8

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *