ANABASIS SALSA ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

Алынды:26.03.2025 Қабылданды: 08.04.2025 Онлайн жарияланды: 29.04.2025
ӘОЖ 615.32:582.662
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.2.7
ANABASIS SALSA ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
Х.И. Итжанова¹, П.Ж. Бекишева¹*, Ж.С. Нұрмағанбетов¹, А.С. Махмутова¹, А.Н. Ногаева¹
¹»Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан
*Жауапты автор: bekisheva@kmu.kz
Түйін:
Anabasis salsa өсімдік шикізатын медициналық тәжірибеде қолдану мүмкіндігі дәрілік өсімдік
шикізатының сапалық көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Бұл өсімдік дәстүрлі түрде диуретик,
спазмолитик, анальгетик ретінде, сондай-ақ тері ауруларын емдеу мақсатында қолданылады. Мақалада
Орталық Қазақстанда өсетін Anabasis salsa өсімдігіне жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген.
Зерттеудің мақсаты:
Anabasis salsa өсімдігінің фармако-технологиялық және сандық көрсеткіштерін анықтап, оны ұтымды
пайдалану және нормативтік құжаттамасын әзірлеу жолдарын негіздеу.
Материалдар мен әдістер:
Зерттеу объектісі ретінде Ақжал ауылы маңында (Шет ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан
Республикасы) жаппай гүлдену кезеңінде жиналған Anabasis salsa өсімдігінің ауада кептірілген жер үсті
бөлігі алынды. Зерттеу ҚР Мемлекеттік Фармакопеясына сәйкес жүргізілді. Технологиялық
параметрлерге үлестік және көлемдік салмақ, үйілген масса, кеуектілік, ағымдылық, ылғалдылық,
жалпы күл, тұз қышқылында ерімейтін күл және бөгде қоспалар жатады. Экстрактивті заттардың
шығымын анықтау үшін әртүрлі этанол ерітінділері қолданылды. Ең жоғары көрсеткіш 70% этанолмен
анықталды. Макро және микроэлементтер құрамы «Карл Цейс» фирмасының «ASSIN»
спектрофотометрия қондырғысы арқылы атомды-абсорбциялық әдіспен анықталды.
Нәтижелер мен талқылау:
Anabasis salsa шикізатына жүргізілген зерттеу оның фармако-технологиялық сипаттамаларын
айқындауға мүмкіндік берді: үлестік және көлемдік салмақ, кеуектілік, ағымдылық, экстрактивті заттар
шығымы, сондай-ақ физика-химиялық сапа көрсеткіштері. Экстрагент ретінде 70% этанолдың тиімділігі
жоғары болды. Спектроскопиялық талдау барысында шикізат құрамындағы маңызды макро- және
микроэлементтер анықталды, бұл оның дәрілік қасиетін одан әрі дәлелдейді және фармацевтикалық
өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.
Қорытынды:
Жүргізілген тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды облысында өсетін Anabasis
salsa өсімдігінің фармакогностикалық және технологиялық сипаттамалары анықталды. Экстракциялау
үшін ең тиімді экстрагент ретінде 70% этанол таңдалды. Бұл деректер нормативтік құжаттарды әзірлеу
және фармацевтикалық мақсатта қолдану үшін негіз бола алады.
Түйінді сөздер: дәрілік өсімдік, Anabasis salsa, фармако-технологиялық параметрлер, сапа көрсеткіштері,
нормативтік құжаттама.

количество просмотров / 👁 62

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *