«IGA СЕЛЕКТИВТІ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ» КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Алынды: 03.02.2025 Қабылданды: 27.04.2025 Онлайн жарияланды: 29.04.2025
УДК: 616.88-008.6
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.2.1
«IGA СЕЛЕКТИВТІ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ» КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Калменова П.Е. ¹, Жумаева А.С. ², Дүйсенбаева А.Ж. ³, Рашимбетова В.М. ¹, Пернебеков Е.А. ⁴
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан облысы, Шымкент қ.
2Облыстық балалар ауруханасы, Түркістан облысы, Шымкент қ.
3С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
4Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан облысы,
Шымкент қ., 2-ші оқу жылындағы резидент
Кіріспе: Селективті IgA тапшылығы – бастапқы иммунтапшылықтың ең жиі кездесетін түрлерінің бірі
болып табылады. Ол жоғарғы тыныс жолдары мен асқорыту жүйесінің инфекцияларына бейімділікті
арттырады және көбіне клиникалық белгілерсіз өтеді, бұл диагноз қоюды қиындатады.
Зерттеу мақсаты: Селективті IgA тапшылығы бар баланың клиникалық бақылау мәліметтерін ұсыну
және зертханалық диагностика алгоритмі мен емдеу тактикасын талқылау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу стационарлық науқастың медициналық құжаттарын талдауға
негізделді. Пациенттің анамнезі, клиникалық белгілері және зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелері
зерттелді. Қолданылған әдістерге қан және зәрдің жалпы талдауы, биохимиялық зерттеу, иммундық
статусты бағалауға арналған иммуноферменттік талдау (ИФТ) және полимеразды тізбекті реакция (ПТР)
кірді.
Нәтижелер:
Клиникалық бақылау барысында науқаста жиі кездесетін бронхит пен пневмония байқалды. Бұл белгілер
селективті IgA тапшылығының аясында ғана емес, сонымен қатар жалпы вариабельді иммунтапшылық
(ЖВИТ) жағдайында да кездесетінін көрсетті. Иммуноглобулин деңгейінің қалыпты болуына қарамастан,
ЖВИТ мүмкіндігін жоққа шығармау үшін IgG субкластарына қосымша зерттеу жүргізу ұсынылды.
Қорытындылар:
Селективті IgA тапшылығы – көп жағдайда клиникалық белгілерсіз немесе басқа патологиялармен
маскаланған түрде өтетін, жиі кездесетін бастапқы иммунтапшылық. Бұл жағдайды ерте диагностикалау
әрі тиісті емдеу тактикасын анықтау инфекциялық асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Клиникалық жағдайлар мысалында селективті IgA тапшылығын анықтаудың өзектілігі мен
диагностикалық тәсілдердің кеңею қажеттілігі расталды.
Түйінді сөздер: селективті IgA тапшылығы, бастапқы иммунтапшылық, бронхит, пневмония, иммундық
диагностика

количество просмотров / 👁 58

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *