ЖАБАЙЫ ӨСЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ RUMEX RECHINGERIANUS LOSINSK ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР КЕШЕНІН ЭКСТРАКЦИЯЛАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН ТАҢДАУ

Алынды: 18.02.2025 Қабылданды: 30.03.2025 Онлайн жарияланды: 29.04.2025
УДК: 615.322:582.929.4
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.2.9
ЖАБАЙЫ ӨСЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ RUMEX RECHINGERIANUS LOSINSK ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР КЕШЕНІН ЭКСТРАКЦИЯЛАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН ТАҢДАУ
Жумаханова Г.А. 1, Корулькин Д.Ю. 1, Самир Анис Росс 2
1 Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
2 Миссисипи Университетінің табиғи өнімдерді зерттеу ұлттық орталығы, Оксфорд, АҚШ
Түйін. Мақалада жабайы өсетін қазақстандық Rumex Rechingerianus Losinsk өсімдігінен жиынтық
фитокешендерді алудың оңтайлы параметрлерінің нәтижелері келтірілген. Параметрлерді зерттеу
процестің әртүрлі технологиялық параметрлерінің ББЗ негізгі топтарының экстракциясының
толықтығына әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты ББЗ-дың негізгі топтарын алудың толықтығы үшін процестің әртүрлі технологиялық
параметрлерін (экстрагент түрі, шикізат:экстрагент қатынасы, температура, уақыт және экстракция
режимі) зерттеу болып табылады.
Материалдар мен әдістер: зерттеу нысаны — Rumex Rechingerianus Losinsk жербеті бөлігі және
тамырлары, Іле Алатауының етегінен 2022 жылдың мамыр-маусым айларында жиналған.
Параметрлерді зерттеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының талаптарына
сәйкес жүргізілді.
Қорытындылар: экстракция процесінің өзгермелі параметрлері экстракция ұзақтығы, температура
режимі және органикалық еріткіш көлемінің Rumex Rechingerianus Losinsk кептірілген биомасса
мөлшеріне қатынасы болды. Полисахаридтер үшін ең тиімді еріткіш су, антрахинон мен ксантондиоксан, алкалоид – бензол, сапонин – этанол; танин мен фенол қышқылдары – 96% этанол, кумариндер
мен флавоноидтардың ацетондағы ерітіндісі болып табылады. Тәжірибе барысында құрғақ
сығындының максималды шығымы бағаланды. Сығындыларда кумариндер мен флавоноидтардың
максималды мөлшері байқалатын кептірілген биомассадан ББЗ кешенін алудың оңтайлы параметрлері —
+55-600С. алкалоидтарды, таниндерді, сапониндер мен фенол қышқылдарын алу кезінде оңтайлы
температура режимі +55-600С. Полисахаридтерді, антрахинондарды және ксантондарды оқшаулау
кезінде экстракция температурасының 950С дейін көтерілуі оңтайлы. Биологиялық белсенді заттарды
алу процесін оңтайландыру өнеркәсіптік өндірісте технологияны пайдалану кезінде экономикалық
компонентті арттыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Rumex Rechingerianus L., Рехингер қымыздығы, экстракция, биологиялық белсенді
заттар, ҚР МФ, фитокешен, термодинамикалық параметр, отандық өсімдік шикізаты.

количество просмотров / 👁 130

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *