ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ ӨТКЕРГЕН НАУҚАСТАРДА КОГНИТИВТІ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 27.03.2025 Қабылданды: 04.06.2025 Онлайн жарияланды:27.06.2025
ӘОЖ: 616.831-005/616.8-07
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.3.1
ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ ӨТКЕРГЕН НАУҚАСТАРДА КОГНИТИВТІ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ
ДИАГНОСТИКАСЫ
(ӘДЕБИ ШОЛУ)
Алханов Ф.А1., Касымова С.М.2 , Есалы П.С.2 , Абасова Г.Б. 1, Кайшибаева Г.С.3, Бурышов С.М.1
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан. 2ШЖҚ “№2 Қалалық аурухана” МКК, Шымкент, Қазақстан
3Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институты, Алматы,
Қазақстан
Түйін: Когнитивті бұзылуларға әкелетін ең маңызды цереброваскулярлық патологияишемиялық инсульт. Когнитивті функцияның бұзылуы церебральды инсульттің жиі
кездесетін клиникалық көріністерінің бірі болып табылады, ол қозғалыс бұзылыстарымен
қатар тұрмыстық және әлеуметтік салаларда айтарлықтай шектеулерге әкеледі, емдеуге деген
ұмтылысты төмендетеді, жүргізілген оңалту шараларының тиімділігін шектейді.
Материалдар мен әдістер
Әдеби материалдарға шолу. Жүйелі шолуларды ишемиялық инсульт өткерген науқастарда
когнитивті бұзылуларды диагностикалау мәселелері бойынша әлемдік медициналық
журналдарға шолуларды қамтитын ғылыми мақалаларға талдау жүргізілді. Мақалалар дәлелді
медицина, Google Scholar, PubMed, Scopus және Web of Science сайттарынан алынды. 2001-2023
жылдардағы мақалаларды зерттеу арқылы қамтылды.
Нәтижелер. Әдеби шолуда көрсетілген мәліметтердің қорытындыларына сүйенсек,
ишемиялық инсульттан кейін науқастарда когнитивті бұзылуларды диагностикалау үшін
нейропсихологиялық тестілеу, аспаптық зерттеу (МРТ, ПЭТ) әдістері маңызды орынға ие.
Талқылау. Әлемдік және отандық жүргізілген әдеби шолуда алынған ғылыми мәліметтерді
негіздей отырып көптеген зерттеуші авторлар инсульттан кейін дамитын когнитивті
бұзылыстарды уақытылы анықтаудың әлеуметтік-медициналық маңызы зор екенін ұсынып
отыр, себебі когнитивті бұзылыстар жүргізілген оңалту шараларының тиімділігін шектейді.
МРТ когнитивті бұзылуларды тудыруы мүмкін басқа патологиялық өзгерістерді, соның ішінде
ісіктерді, тамырлы мальформацияларды анықтауға мүмкіндік береді. Ал жасырын түрде өтетін
нейродегенеративті процесті анықтау үшін диагностиканың сирек кездесетін әдістері, атап
айтқанда МРТ функционалды әдістері және әр түрлі лигандтарды қолдану арқылы
позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) пайдалы болуы мүмкін.
Қорытынды. Когнитивті бұзылулар оңалту шараларының тиімділігін төмендетуге және
шектеуге ықпал етеді, нәтижесінде науқастың сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуі бұзылады.
Сондықтан бұл бұзылуларды ерте диагностикалау және ерте оңалтуды бастау оңалтудың
тиімділігін арттырады.
Түйінді сөздер: ишемиялық инсульт, когнитивті бұзылулар, нейропсихологиялық зерттеулер,
транслингвальды нейростимуляция, когнитивті бұзылуларды диагностикалау, есте сақтау
қабілетінің бұзылуы, зейіннің бұзылуы.

количество просмотров / 👁 33

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *