ҚЫЗЫЛ ТАСПА (POLYGONUM AVICULARE L.) ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Алынды: 22.01.2024 Қабылданды: 04.06.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
УДК: 615.454.1:582.657.2
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.79.33.029
С.Е.Ерғазина, Ш.Нөкербек, А.Ш.Амирханова, М.К.Койлыбаева, А.Абдрахман.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
ҚЫЗЫЛ ТАСПА (POLYGONUM AVICULARE L.) ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫ
МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Түйін: Дерматология саласындағы мәселелер бүкіл әлемде жиі кездеседі және олардың таралуына әртүрлі
факторлар, соның ішінде қоршаған орта жағдайлары әсер етуі мүмкін. Зерттеу деректеріне сәйкес, тері аурулары
әлемді алаңдатушы аурулар тізімінде бастапқы орындар қатарында. Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктердің
ішінде қызыл таспа (Polygonum aviculare L.) өсімдігі биологиялық белсенді заттардың құнды көзі болып табылады.
Халық медицинасында асқазан-ішек аурулары және атопиялық дерматит, экзема мен псориаз сиақты аллергиялық
тері аруларын, сонымен қатар жара мен жарақатты тез емдеу үшін қолданылады. Осыған сәйкес, Қазақстанда алғаш
рет Polygonum aviculare L. дәрілік өсімдігінің экстрактысы негізінде жақпа майды алу және оның сапалық
көрсеткіштерін анықтау маңызды болып табылады.
ҚР Мемлекеттік фармакопеясының жұмсақ дәрілік түрлерге қойылатын талаптары негізінде қызыл таспа
(Polygonum aviculare L.) экстрактысы қосылған жақпа майдың жалпы 8 үлгісі жасалынды. Жақпа майдың сыртқы
түрі, біркелкілігі мен биологиялық белсенді заттардың жақпа майдан бөлініп шығуы сиақты сынақтар негізінде №8
үлгісі оңтайлы деп танылды.
Түйінді сөздер: қызыл таспа, экстракт, Polygonum aviculare L., жақпа май, дәрілік түр.

количество просмотров / 👁 803

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *