НӘРЕСТЕ ӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (әдеби шолу)

Алынды:  13.03.2024/Қабылданды:  24.07.2024/Онлайн жарияланды: 30.08.2024

УДК 614.1/2:314.422.2

DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.14.81.019

 

Л.В. Ахметова 1, Г.Ж. Сарсенбаева 2, А.Б. Тоқбергенова 3, Г.Е. Бектенова 4, Б.Б. Токкулиева 5,

А.У. Кудабаева 6, С.Қ. Нысантаева 7, Г.О. Доланова 8

1,2,3,5,8 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы,

4 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Педиатрия 2» кафедрасы,

 Шымкент, Қазақстан

6 Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Жұқпалы аурулар» кафедрасы

7 Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Жалпы дәрігерлік практика 2» кафедрасы,

Түркістан, Қазақстан

 

НӘРЕСТЕ ӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (әдеби шолу)

 

Әлемдегі ана мен нәресте өлімінің көрсеткіштері денсаулық сақтау жүйесінің маңызды проблемасы. Нәресте өлімі және оның рейтингі халықтың денсаулығын талдауда және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің тиімділігін бағалауда маңызды рөл атқарады. Бұл белгілі бір елдегі, аймақтағы немесе өңірдегі денсаулық сақтау сапасының көрсеткіші. Осы жылдар ішінде бірнеше дамушы елдер нәрестелер мен балалар өлімінің жоғары деңгейінен зардап шегіп келе жатыр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда балалар өлімінің деңгейі Беларусь, Ресей, Украинаға қарағанда жоғары. Балалар өлімін азайту Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік Денсаулық сақтау саясатының негізгі басымдықтарының бірі болды. Балалар өліміне байланысты қауіп факторларын анықтау балалар өлімін азайту мақсатында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды қайта құрылымдау және жақсарту бойынша іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. Нәресте өлімінің медициналық-әлеуметтік және демографиялық аспектілерін анықтау мақсатында, біз PubMed, Scopus, Web of Science және Google Scholar сияқты дерекқорларды пайдаланып әдебиеттерге шолу жасадық. Іздеу сұраулары ретінде келесі терминдер қолданылды: «нәресте өлімі», «балалар өлімі». Іздеу аралығы 2014-2024 жылдардағы мақалаларды қамтыды.

Кілт сөздер: нәресте өлімі; бала өлімі; ана өлімі, медициналық және әлеуметтік мәселелер.

количество просмотров / 👁 154

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *