ӨСІМДІК ЭКСТРАКТТАРЫ ЖӘНЕ ПРОПОЛИСПЕН (PROPOLIS) ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТІС ПАСТАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Алынды:  20.03.2024/Қабылданды:  25.06.2024/Онлайн жарияланды: 30.08.2024

УДК: 615.454.1:638.138

DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.37.29.024

 

А. Төлегенқызы1, Ғ.С. Ибадуллаева1, Г.М. Саякова1, Р.Б. Аюпова1, А.А. Азембаев2,

Т.С. Бекежанов, Б.Ж. Нысанов, Н.М. Онайбеков

¹С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

2«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, Алматы, Қазақстан

 

ӨСІМДІК ЭКСТРАКТТАРЫ ЖӘНЕ ПРОПОЛИСПЕН (PROPOLIS) ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТІС ПАСТАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

 

Түйін. Соңғы жылдары стоматология бағытының дамуымен сәйкес, ауыз қуысы гигиенасына ерекше назар аударылып келеді, себебі оны дұрыс күтпеу түрлі ауыз қуысы ауруларына шалдығуға әкеліп жатыр. Осы тұста ең көп қолданылатын бұйым, тіс пастасы және нарықта олардың сан түрлері кездеседі. Тіс пастасы құрамына кіретін биологиялық активті компоненттер, пайдалы элементтер, дәрумендердің негізгі көзі болып табылады. Сол себептен, ерекше компоненттерден тұратын, табиғи, дәрілік өсімдік шикізаттарынан, атап айтқанда, Етжапырақты бадан (Bergenia crassifolia L.), Кәдімгі сәлбен (Salvia plebeia) экстракттары және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамын жасау өзекті.

Өсімдік экстракттары және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамы мен технологиясын жасау, сонымен қатар тіс пастасының сапа көрсеткіштерін анықтау.

Емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамын жасау келесі компоненттермен жүргізілді: кальций карбонаты (абразивті зат), кальций глюконаты (кариеске қарсы зат), глицерин (ылғалдандырғыш), натрий кмц (қоюландырғыш), натрий лаурилсульфаты (көбіктендіргіш), натрий бензоаты (консервант), жалбыз эфир майы (хош иістендіргіш), тазартылған су (еріткіш), кәдімгі сәлбен экстрактысы, етжапырақты бадан экстрактысы, прополис экстрактысы (әсер етуші заттар).

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында өсімдік экстракттары, яғни, Етжапырақты бадан (Bergenia crassifolia L.), Кәдімгі сәлбен (Salvia plebeia)  және прополиспен (Propolis) емдік-профилактикалық тіс пастасының құрамымен  технологиясы жасалды. Сонымен қатар, алынған емдік-профилактикалық тіс пастасының сапа көрсеткіштері анықталды.

Түйінді сөздер: Етжапырақты бадан (Bergenia crassifolia L.), Кәдімгі сәлбен (Salvia plebeia), прополис (Propolis), емдік-профилактикалық тіс пастасы, дәрілік өсімдік шикізаты.

количество просмотров / 👁 211

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *