DAHLIA HORTENSIS ЭФИР МАЙЫНЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МИКРОБҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Алынды: 17.04.2024 Қабылданды: 07.10.2024 Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК 615.014:615.322
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.82.94.033
А.Т. Медешова1, П.З.Оразбаева1*
, С.Б. Ахметова1, М.Ю. Ишмуратова2, Г.М. Абдрахманова1, Е.А. Тулебаев1
1КеАҚ «Қарағанды Медицина университеті», Қарағанды, Қазақстан Республикасы
2 КеАҚ «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» , Қарағанды, Қазақстан Республикасы
DAHLIA HORTENSIS ЭФИР МАЙЫНЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МИКРОБҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Түйін: Нарғызгүл (Dahlia hortensis) — әлемдегі ең танымал гүлдердің бірі. Олар әдемілігімен, пішіндері мен түстерінің
алуан түрлілігімен назар аударады, олар бақшалар мен саябақтарда сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылуы
мүмкін, ал Dahlia hortensis медицина мен косметологияда да қолдануға болады. Зерттеулер көрсеткендей, Dahlia
hortensis қабынуға қарсы, ісікке қарсы және антиоксиданттық әсерге ие болуы мүмкін. Оларды қант диабеті,
асқазан-ішек аурулары, қандағы жоғары холестерин немесе триглицеридтер және семіздікпен ауыратын адамдар да
емдік мақсатта пайдалана алады.
Бұл жұмыста Dahlia hortensis эфир майының бактерияға қарсы белсенділігі зерттелді. Эфир майы Клевенджер
аппаратының көмегімен 3 сағат бойы гидродистиляция арқылы алынды. Нарғызгүлдер микробқа қарсы
қосылыстардың бай көзі ретінде ұсынылған. Осыған байланысты біз алғаш рет Dahlia hortensis эфир майының
микробқа қарсы белсенділігі мен химиялық құрамын зерттедік.
Түйінді сөздер: Dahlia hortensis, микробқа қарсы белсенділік, эфир майы, компонент құрамы, гидродистилляция,
экстракция, биологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдік шикізат.

количество просмотров / 👁 42

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *