ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР АУМАҚТА ПЕРИНАТАЛЬДЫҚ ГИПОКСИЯНЫ БАСЫНАН ӨТКЕРГЕН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ЖҮРЕК СОҒЫСЫ ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Алынды: 04.04.2023 / Қабылданды: 04.04.2023 / Онлайн жарияланды: 31.08.2023
УДК 616.831-053.2(042.3)
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.51.20.001

Ж.Ж. Абуова1, М.А. Булешов1, А.М. Жақсыбергенов1, С.А. Туктибаева1, Д.М. Булешов2
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
2АҚ «Жүрек орталығы Шымкент», Шымкент, Қазақстан

ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР АУМАҚТА ПЕРИНАТАЛЬДЫҚ ГИПОКСИЯНЫ БАСЫНАН
ӨТКЕРГЕН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ЖҮРЕК СОҒЫСЫ ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН
САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Түйін: Ғылыми жұмыстың мақсаты -перинатальдық гипоксияны басынан кешкен нәрестелердің
жүрек соғысы ырғағының және жүрек қызметінің вегетативтік реттелу механизімінің бұзылысын
ерте антенаталдық кезеңнен анықтап, емдеу және реабилитациялық шараларды ұйымдастыру.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Шымкент қаласында орналасқан балалардың клиникалық ауруханасының неональдық орталығында емделген 148 нәресте зерттеуге тартылды. Салыстыру
тобына (I топ) ешқандай гипоксиялық-ишемиялық синдромның белгілері анықталмаған 30 нәресте, II топқа орталық жүйке жүйесінің I-II дәрежелі гипоксиялық-ишемиялық зақымдануы анықталған 85 нәресте, ал III топқа орталық жүйке жүйесінің III дәрежелі церебральдық гипоксиялық –геморрагиялық зақымдануы бар 33 нәресте жатқызылды. Зерттеу нәрестелер өмірінің 15-38 тәулігінде аспаптық- бағдарламалық «Кардиотехника-4000» кешені қолданып холтерлік мониторлау арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижесі. Перинатальдық гипоксияны басынан кешкен нәрестелерге стандартты электрокардиограммамен (ЭКГ) холтерлік мониторлау (ХМ) жүргізу барысында жүрек миокардының электрлік тұрақсыздық белгілері анықталды. Сондықтан холтерлі мониторлау барысында жүрек соғысы
ырғағының бұзылғандығы анықталды деуге негіз бар. Экологиясы нашар аумақта перинатальдық
гипоксияны басынан кешкен нәрестелердің жүрек соғысының ырғағына парасимпатикалық әсердің
төмендегенін,бірақ симпатикалық әсердің мүлдем өзгермегендігін байқатты. Бұл жағыдай LF/HF
индексінің жоғарылауымен көрініс берді.
Түйінді сөздер: жатырішілік зақымдану, нәрестелер, ерте неонаталдық кезең, гипоксиялық-ишемиялық синдром, вегетативтік — тамырлық реттеу қызметі, симпатикалық бөлімнің әсері, холтерлік мониторлау, жүрек аритмиясы.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1 Eric Rasmusson., Mirzatay Bulesshov., Laura Musabekova. Eрidemiological approaches to the interpretation of the results of biological monitoring or children
living in the lead –contaminat environment// Isee conference-August 26 to 30, 2012. USA.: Colambia, Sout Carolina.- Environmental health across land, air ,
and sea. S-356.
2 Стасевич, С.М. Медицинские и социальные аспекты, обусловливающие развитие перинатальной патологии ЦНС // Репродуктивное здоровье.
Восточная Европа. — 2014. — № 4 (34). — С.123.
3 Брыксина Е.Ю. Патогенетические аспекты перинатального поражения центральной нервной системы и особенности неврологического статуса
недоношенных детей Е.Ю. Брыксина // Современные проблемы науки и образования. — 2015. — № 4. — С.410
4 Гузева В.И. Руководство по детской неврологии // В.И. Гузева. — 3-е изд., перераб. — М.: Медицинское информационное агентство, 2009. — 640 с.
5 Low J.A. Relationship of Fetal Asphyxia to Neuropathology and Deficits in Children. //Clin. Invest. Med., 1993. Vol. 16. -N. 2. — P. 133 -140.

количество просмотров / 👁 1091

Оставить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *