ӘРТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДАҒЫ ІШЕК МИКРОБИОТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

УДК 16.34-008.6
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.46.72.006

Ганжула Ю.Л.1, Аширматова И.Б.1, Уразова С.Н.1,Туребаев Д.К.1,Галимгожина Н.И.1
1КеАҚ «Астана медицина университеті», Астана

ӘРТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДАҒЫ ІШЕК МИКРОБИОТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін: Ішек микробиотасы – бұл адамның өмірі бойы қалыптасатын және динамикалық турде дамитын күрделі
экологиялық жүйе болып табылады. Соңғы уақытта ғалымдардың көңілі микробиотаның ағзаның қартаюына
әсерін және ұзақ өмір сүрушілердің микробиомасының ерекшеліктерін зерттеуге аударылды, өйткені ұзақ өмір
сүрушілер сау қартаюдың мысалы болып табылады және микробиома өмір сүру ұзақтығына әсер етеді. Бұл әдеби
шолуда қартаюға және ішек микробиотасының әртүрлілігі мен құрамының өзгеруіне байланысты жарияланған
мақалалардағы деректер жинақталған. Ішек микробиотасы 30 жастан 70 жасқа дейін біркелкі тұрақты болады,
содан кейін жасқа байланысты өзгерістер дамиды. Кейде қарама – қайшы нәтижелерге қарамастан, әртүрлі жастағы
топтардағы адамдарды зерттеген зерттеулерде альфа- мен бета- әртүрлілігінің айырмашылығын көрсетілді және
қартаюмен тікелей байланысы бар Akkermansia сияқты таксондарды анықтады. Сондай-ақ, қартайған сайын
Faecalibacterium, Bacteroidaceae және Lachnospiraceae азаюы байқалады. Бұл білім адам экожүйесін қайта құру және
қайта модельдеу процесін түсінуге және микробиомаға әсер ету арқылы сау қартаю траекториясын құруға
көмектеседі.
Түйінді сөздер: микробиота, қартаю, ұзақ өмір сүрушілер, микробтық әртүрлілік, альфа-әртүрлілік, бета-әртүрлілік

количество просмотров / 👁 780

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *