КӘДІМГІ ҮРКЕГҮЛ (FILIPENDULA VULGARIS М.) ЭКСТРАКТЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ

Алынды: 12.01.2024 Қабылданды: 04.06.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
ӘОК 615.011.5:582.734
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.56.77.032
М.А. ЖАНДАБАЕВА, С. ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ, К.Т. РАГАНИНА, Ә.Ғ. РЫСБЕК, А.Қ. САРҚЫТБЕКОВА
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
КӘДІМГІ ҮРКЕГҮЛ (FILIPENDULA VULGARIS М.) ЭКСТРАКТЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ
Түйін: Қазіргі таңда еліміздің фармацевтикалық нарығын дамыту мақсатында отандық өнімдердің сапасы мен санын
арттыру жұмыстары үзіліссіз атқарылуда. Табиғи шикізат өнімдерінен, соның ішінде дәрілік өсімдік шикізаттарын
фармацияда қолдану, қойылған міндеттерді атқарады. Соның бірі, кәдімгі үркегүл өсімдік шикізаты – ҚР таулы
аймақтарында кеңінен таралған, халық медицинасында белгілі, көптеген фармакологиялық әсерге ие өсімдік.
Мақалада ультрадыбыстық және құйынды экстракциялау әдістерімен алынған кәдімгі үркегүлдің (Filipendula
vulgaris М.) қою экстрактысын алудың технологиялық параметрлері келтірілген; қою экстракттың компоненттік
құрамы анықталған. Масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы әдісімен химиялық құрамына
талдау барасынды ультрадыбыс экстракция әдісімен алынған экстракт құрамында фенолдық қосылыстардың
пайыздық мөлшері (28 %) құйынды әдісімен алынған экстрактқа қарағанда жоғары болды (21 %). Фенолды
қосылыстардың ең көп пайыздық мөлшері фенол (10,65%), гидрохинон (4,7%), 2-метоксифенол (1,41%), β-Dглюкопиранозид, метил (5,31%), салицил спирті (0,77%) ультрадыбысты экстракция әдісі арқылы алынған
экстракттың құрамынан анықталды. Химиялық қосылыстардың фармакологиялық әсері анықталып, тиімді
экстракция әдісі таңдап алынды. Нәтижелер осы өсімдікті ғылыми зерттеуге, жаңа дәрілік зат жасау үшін фенолды
қосылыстардың мөлшері мен тиімді экстракты әдісін пайдалануға негіз болады.
Түйінді сөздер: дәрілік өсімдік шикізаты, кәдімгі үркегүл (Filipendula vulgaris М.), масс-спектрометриялық детекторы
бар газ хроматографиясы, құйынды экстракция, ультрадыбысты экстракция.

количество просмотров / 👁 20

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *