ҮЗДІКСІЗ ГЛИКЕМИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ – ДИАБЕТОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР (әдеби шолу)

Алынды: 24.07.2024 Қабылданды: 02.10.2024 Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК: 616.5-002
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.62.25.006
И.Б. Кайбагарова1, Н.М. Мавлюдова1, Ж.Ж. Нургалиева1, А.К. Овсянникова2, М.Ж. Калжанова3
1Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университеті КеАҚ, Ақтөбе, Қазақстан
2Терапия және профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты – “Ресей ғылым академиясының сібір
филиалының цитология және генетика федералдық ғылыми-зерттеу орталығы” Федералды мемлекеттік
бюджеттік ғылыми мекемесінің филиалы, Новосібір, Ресей
3Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетінің Отбасылық медицина клиникасы КеАҚ,
Ақтөбе, Қазақстан
ҮЗДІКСІЗ ГЛИКЕМИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ – ДИАБЕТОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР (әдеби шолу)
Түйін: Қант диабеті (ҚД) тез дамып келе жатқан ауру, ол дүние жүзінде орта есеппен әр 15 жыл сайын екі еселенеді.
Глюкоза деңгейін бақылау қант диабетін диагностикалау мен емдеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Дегенмен, пациенттердің айтарлықтай бөлігі гликемиялық көрсеткіштерге қол жеткізе алмайды, нәтижесінде
асқынулар және денсаулық сақтау ұйымының шығындары артады. Әдебиеттерге шолу мақаласы дәстүрлі
тәсілдермен салыстырғанда жоғары тиімді және дәл болып табылатын үздіксіз гликемиялық мониторинг (ҮГМ)
жүйелерін – жаңа технологияларды енгізу мәселесіне арналған. ҮГМ әлемдік тәжірибеде кең қолданыс тапты,
алайда Қазақстанда ол жеткілікті түрде қолданылмайды. Қазақстанның денсаулық сақтау тәжірибесіне үздіксіз
мониторинг жүйесін енгізу гликемиялық көрсеткіштерді жақсарту және қант диабеті асқынуларының алдын алу,
науқастардың өмір сүру сапасы арттыру мен экономикалық тиімділік үшін үлкен қадам болар еді. Мониторинг
жүйелерін пайдалану дағдыларын жүзеге асыру үшін көрсеткіштерін интерпретациялауды үйрету жұмыстарын
жүргізу қажет.
Зерттеудің мақсаты: гликемияның үздіксіз мониторингі бойынша әдебиет деректерін талдау, диабетологиядағы
бақылаудың инновациялық әдісі ретінде мониторинг жүйелерінің негізгі артықшылықтарын көрсету және
гликемиялық өзгергіштікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді ұсыну.
Зерттеу әдістері: GoogleScholar, Medline, Elibrary, Pubmed, Web of Science, CochraneLibrary, Cyberleninka
дерекқорларынан іздеу арқылы толық мәтінді дереккөздерге талдау жасалды. Зерттеу жұмыстары соңғы 5
жылдықты, яғни 2019 жылдан 2024 жылға дейін аралықты қамтыды. Сонымен қатар, реттеуші агенттіктердің вебсайттарында (IDF, FDA) іздеулер жүргізілді.
Түйінді сөздер: қант диабеті, гликемиялық бақылау, глюкозаны үздіксіз бақылау, бақылау түрлері, CGM
көрсеткіштерінің сипаттамалары, гликемиялық өзгергіштік, гипергликемия, гипогликемия.

количество просмотров / 👁 60

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *