ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРФЮМЕРЛІК-КОСМЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚҚА АССОРТИМЕНТТІК ТАЛДАУ

Алынды: 16.03.2024/ Қабылданды: 14.11.2024/ Онлайн жарияланды: 30.12.2024
ӘОЖ: 615.262:668.58(574)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.70.52.040
Ш.Ж. Түкежан1, Г.И. Ешенкулова2, М.И. Тлеубаева1
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,
Алматы, Қазақстан
2Astana IT University, Астана, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРФЮМЕРЛІК-КОСМЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚҚА АССОРТИМЕНТТІК ТАЛДАУ
Кіріспе: Косметикалық өнімдер нарығының өсу қарқыны жоғары, әсіресе табиғи компоненттері бар
өнімдерге сұраныс артуда. Зерттеулер көрсеткендей, 16-55 жас аралығындағы әйелдердің 97%-ы
косметиканы тұрақты, ал 76%-ы күнделікті пайдаланады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның парфюмерлік-косметикалық нарығындағы сегменттерді талдау және
болашағы зор бағыттарды анықтау.
Материалдар мен әдістер: DAMU Research маркетингтік агенттігінің және Еуразиялық экономикалық
одақтың бірыңғай тізілімі деректеріне кабинеттік талдау жасалды. Ассортимент, тұтынушылық
артықшылықтар мен отандық өндірушілердің үлесі зерттелді.
Нәтижелер: Қазақстанда 8544 косметикалық өнім тіркелген, оның 36,86%-ын кремдер құрайды. Нарықтағы
өнімнің басым бөлігі импорттық, ал отандық өндірушілердің үлесі 1%-дан аз.
Қорытынды: Нарық талдауы кремдер сегментінің отандық өндірушілер үшін болашағы зор екенін және
олардың ішкі нарықтағы орнын күшейту қажеттігін көрсетті.
Түйінді сөздер: Косметология, крем, нарық, табиғи ингредиенттер, парфюмерия.

количество просмотров / 👁 23

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *