ҰЗАҚ УАҚЫТ КИЮ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖӘНЕ БАКТЕРИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БЕТПЕРДЕНІ КИЮДІҢ ОҢТАЙЛЫ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ

Алынды: 07.10.2024 Қабылданды: 04.10.2024 Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК: 616.5-002
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.65.60.025
А.Т. Олжабай1, Г.С. Шындаулетова1, Б.Ж. Тантеева1, М. Насир1, С.Т. Султанбекова1, Г.Б. Джузенова2
«BioEtica» ЖШС сынақ орталығы (СО «BioEtica» ЖШС), Шымкент, Қазақстан
2«ЭКО-ФАРМ» ЖШС отандық тауар өндіруші, Алматы, Қазақстан
ҰЗАҚ УАҚЫТ КИЮ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖӘНЕ
БАКТЕРИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БЕТПЕРДЕНІ КИЮДІҢ ОҢТАЙЛЫ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
Түйін: COVID-19 пандемиясы кезінде бір рет қолданылатын бетперде кию бүкіл әлемде медицина қызметкерлері
немесе мамандандырылған қызметкерлер үшін ғана емес, қарапайым адамдар үшін де күнделікті әдетке айналды.
Вирустың таралу қаупін азайтуда сөзсіз оң әсер бар болса да, денсаулыққа ықтимал теріс салдарды болдырмау үшін
бетпердені қанша уақытқа киюге болатындығын түсіну маңызды. Бетпердені кию ұзақтығының ауа өткізгіштігінің
өзгеруіне, бөлшектерді сүзу тиімділігіне және бактериялық ластануға әсері аз зерттелген. Бетпердені кию уақытын
есепке алу және оның қасиеттерінің өзгеруін бақылау арқылы ауа өткізгіштігіне, бөлшектерді сүзу тиімділігіне
және бактериялық ластану мөлшеріне бетпердені ұзақ уақыт киюдің оңтайлы уақытын және әсерін анықтау
мақсатында осы ғылыми зерттеу жүргізілді.
Түйінді сөздер: медициналық бетперде, бактериялық ластану, кию ұзақтығы, физика-химиялық зертхана,
микробиологиялық зертхана.

количество просмотров / 👁 56

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *