КӘДІМГІ БАҚ ХРИЗАНТЕМАСЫ (CHRYSANTHEMUM MORIFOLIUM BOL.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ПЕРКОЛЯЦИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЭКСТРАКТ АЛУ  ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Алынды:  30.01.2024 Қабылданды: 06.08.2024 Онлайн жарияланды: 30.08.2024

ӘОК: 615.011.5:582.998.1

DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.55.13.028

 

Ж.Ә. Әуелбек1, С.Е. Момбеков1, А.С. Кожамжарова1, Э.Б. Картбаева2, К.К. Досмагулова3

1Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы, Қазақстан

2Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

3Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

Электрондық почта: jamalova.zhaka.zhannar@gmail.com

 

КӘДІМГІ БАҚ ХРИЗАНТЕМАСЫ (CHRYSANTHEMUM MORIFOLIUM BOL.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ПЕРКОЛЯЦИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЭКСТРАКТ АЛУ  ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

 

Түйін:  Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатынан алынған сұйық экстракт перколяция әдісі арқылы алынған. Сұйық экстракт құрамындағы биологиялық белсенді қоспалар анықталды. Этил спирті және тазартылған су экстрагент ретінде таңдалды. Себебі өсімдіктердегі флавоноидтар қосындысы этанолдың әртүрлі концентрациясында жақсы ериді. Алынған нәтижелер мен әдебиеттерге сәйкес, дәрілік өсімдік шикізат құрамындағы биологиялық белсенді заттар қабынуға әсер көрсетеді. Алынған нәтижелер алдағы уақытта қосылыстардың фармакологиялық қасиеттерін одан әрі зерттеуге мүмкіндік береді. Алынған сұйық  экстрактыны қабынуға қарсы  дәрілік зат жасауға перcпективалды құрал ретінде қарастыруға болады.

Мақсат. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатынан экстракт алу және фитохимиялық құрамын зерттеу.

Әдістер мен материалдар. Зерттеу материалдары ретінде кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізаты пайдаланылды. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатынан алынған сұйық экстракттың құрамы масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы әдісімен (7890A/5975C) анықталды.

Нәтиже. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізат алу үшін қажетті экстрагент таңдалып, сұйық экстракт алынды.Экстракт құрамындағы биологиялық белсенді заттар анықталды. Нәтижесінде 29 қосылыс анықталды.

Түйінді сөздер: Кәдімгі бақ хризантемасы, биологиялық белсенді қосылыстар, перколяция, дәрілік өсімдік шикізаты.

количество просмотров / 👁 382

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған