ҰСАҚГҮЛДІ ЖҰПАРГҮЛ (ORIGANUM TYTTANTHUM GONTSCH.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН ФАРМАКОГНОСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Алынды: 06.03.2025 Қабылданды: 29.05.2025 Онлайн жарияланды:27.06.2025
ӘОЖ 615.322:581.192
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.3.25
ҰСАҚГҮЛДІ ЖҰПАРГҮЛ (ORIGANUM TYTTANTHUM GONTSCH.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН
ФАРМАКОГНОСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Б.А. Сағындықова, Г.Б. Шойнбаева
АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы», Шымкент, Қазақстан
Түйін: Қазіргі уақытта түрлі аурулардың емінде фитопрепараттарды қолдануға деген сұраныс
артуда, ол өсімдік шикізатынан дайындалған өнімдердің экологиялық таза және табиғи
шикізат көзінен алынғандықтан туындап отыр. Сол себепті, Отандық өсімдіктердің аз
зерттелген түрлерін зерттеу және одан әрі медицинаға қолдануға енгізу маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – Оңтүстік Қазақстан аймағының
популяциясындағы аз зерттелген ұсақгүлді жұпаргүл (Origanum tyttanthum Gontsch.) өсімдігіне
фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеулер жүргізу және шикізат ретінде қолдану
мүмкіндігін анықтау.
Әдістері: Зерттеу барысында ұсақгүлді жұпаргүл өсімдік шикізатының жер үсті бөлігінің
сапалық көрсеткіштері анықталды, биологиялық белсенді қосылыстардың құрамына сапалық
реакциялар мен сандық талдау спектрофотометриялық, гравиметриялық және
алкалиметриялық, перманганатометриялық титрлеу әдістерімен жүргізілді. Сонымен қатар,
органикалық қосылыстардың мөлшері масс-спектрометриялық детекциясы бар газды
хроматография (ГХ-МС) әдісімен анықталды.
Нәтижелері: Ұсақгүлді жұпаргүл шикізатының сапалық көрсеткіштері, яғни ылғалдылығы,
жалпы күлі, 10% хлорсутек қышқылында ерімейтін күлі, органикалық бөгде қоспалары,
минералды бөгде қоспаларының мөлшері анықталды. Бұл көрсеткіштер шикізаттың
фармакопея талаптарына сәйкестігін бағалауға арналған және оның сапасын, тазалығын және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Құрамындағы биологиялық белсенді
қосылыстарға сапалық талдаулар жүргізу нәтижесіне сүйене отырып, флавоноидтарға,
сапониндерге, кумариндерге, илік заттарға, полисахаридтерге, С дәруменіне және бос
органикалық қышқылдарға сандық зерттеулер жүргізілді. ГХ-МС әдісімен 44 органикалық
қосылыс анықталды.
Талқылау: Ұсақгүлді жұпаргүл шикізатының биологиялық белсенді қосылыстарының сандық
көрсеткіштері жаңа дәрілік заттарды жасау үшін үлкен әлеуетке ие және оны одан әрі зерттеу
үлкен қызығушылық тудырады.
Түйінді сөздер: дәрілік өсімдік шикізат, ұсақгүлді жұпаргүл, фармакогностикалық талдау,
фитохимиялық талдау, биологиялық белсенді заттар.

количество просмотров / 👁 21

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған