ӨСІМДІК ШИКІЗАТТАН КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН КРЕМ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Алынды: 11.02.2025 Қабылданды: 21.05.2025 Онлайн жарияланды: 27.06.2025
ӘОЖ: 615.262:633.88
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.3.23
ӨСІМДІК ШИКІЗАТТАН КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН КРЕМ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Л.М. Калмаханова1, Ж.Т. Албаева2
1«С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
2«С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Түйін. Ғылыми мақалада күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғауға арналған крем алу үшін,
негізгі шикізат ретінде дәрілік қырмызыгүлі (Calendula officinalis L.) өсімдігін зерттеудің
мәселелері қарастырылған. Күннен қорғайтын кремнің құрамына кіретін өсімдік
қосылыстарын сауатты таңдаудың ерекшеліктері талданды. Дәрілік қырмызыгүлінің
(Calendula officinalis L.) сығындысынан жасалған күннен қорғайтын крем алу технологиясын
әзірлеу табиғи косметика мен дерматология саласында келешегі зор бағыт болып табылады.
Дәрілік қырмызыгүлі (Calendula officinalis L.) өзінің қабынуға қарсы, антисептикалық және
жараларды емдейтін қасиеттерімен танымал, құрамында флавоноидтар мен каротиноидтар
сияқты биологиялық белсенді заттар бар, олар теріні ультракүлгін (УК) сәулеленуден тиімді
қорғауды қамтамасыз ете алады.
Мақсаты – сапалы компоненттерді қауіпсіздік пен тиімділікті жоғары стандарттармен
үйлестіретін өсімдік шикізаттан күннен қорғайтын крем алу технологиясын әзірлеу.
Зерттеу материалдары: қырмызыгүлінің сығындысы, шабдалы майы, кокос майы, жүзім
сүйегінің майы, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), оксида цинк, ара балауызы, эуксил К712, Е
дәрумені, тазартылған су. Зерттеу әдістері МЕМСТ 31460 – 2012 бойынша жасалды. Зерттеу
әдістері: сыртқы көрінісі, түсі, иісі, біртектілігі, рН-мәні, коллоидтық тұрақтылық,
термотұрақтылық, су мен ұшпа заттардың массалық үлесі, спектофотометрия әдісі,
микробиологиялық тазалық.
Ең алдымен шикізатты таңдау және дайындау қажет. Кептірілген қырмызыгүлдерін
пайдалану, оларды мұқият тазалау және ұнтақтау немесе дәрілік қырмызыгүлінің
сығындысын сатып алу. Келесі кезең кремді формуляциялау. Алынған дәрілік қырмызыгүлінің
табиғи майлардан, балауыздардан және эмульгаторлардан тұратын крем негізіне енгізу,
өнімнің тұрақтылығы мен біркелкілігін қамтамасыз ету.
Әрі қарай сынақтар Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу
институтында жүргізілді: сынақтар жүргізу арқылы алынған кремнің ултьракүлгін қорғау
тиімділігі, тұрақтылығы және гипоаллергенділігі, яғни қауіпсіздігі тексерілді. Нәтижесінде
дәрілік қырмызыгүлінің (Calendula officinalis L.) сығындысынан жасалған күннен қорғайтын
крем УК-сәулелердің зиянды әсерінен теріні қорғап қана қоймай, сонымен қатар құрамындағы
бірегей қасиеттерінің арқасында терінің қалпына келуіне ықпал етеді. Өнім табиғи және
экологиялық таза тері күтімі құралдарына деген тұтынушылық сұранысты
қанағаттандырады.
Түйінді сөздер: крем, тері, дәрілік қырымызыгүлі, күннен қорғайтын, үлгі, ультракүлгін сәуле,
косметикалық өнім, сүзгі.

количество просмотров / 👁 26

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған