ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА АРНАЛҒАН КИНЕЗОТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ

Алынды: 08.04.2025 Қабылданды: 02.06.2025 Онлайн жарияланды: 28.06.2025
УДК: 616.832.521
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.3.15
ШАШЫРАНДЫ СКЛЕРОЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА АРНАЛҒАН КИНЕЗОТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ
А.М Төремухамет1, Г.Б Абасова2, Г.С Кайшибаева3, С.М Бұрышов4. 1,2,4Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университет, Түркістан, Қазақстан
3Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институты,
Алматы, Қазақстан
Түйін: Шашыранды склероз (ШC) – қазіргі заманғы неврологияның өзекті мәселелерінің бірі. Ауру
патогенезі бойынша орталық жүйке жүйесінің ми мен жұлында таралған демиелинация
ошақтарының пайда болуымен жүретін созылмалы ауру. Нервтердің миелин қабығындағы
зақымданудың біркелкі таралмауы күштің, сезімталдықтың, үйлестірудің және тепе-теңдіктің
бұзылысына әкелуі мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: Scopus, PubMed, Google Scholar және Lilacs деректер базасын пайдалана
отырып, ШС-бен ауыратын науқастарға арналған кинезотерапия әдісін зерттеу және талдау
жүргізу.
Нәтижелер. Сонымен қатар қимыл-қозғалыс функциялардың ауыр және прогрессивті
шектеулеріне, өзге адам көмегіне тәуелділікке және мүгедектікке әкеледі. Зерттеулер
нәтижелеріне сүйенсек, науқастардың 65% – дан астамында қозғалыс бұзылысы, ал 85% – на дейін
жүріс бұзылысы кездеседі. Осылайша, бүгінгі таңда ШС-бен ауыратын науқастарды емдеу мен
оңалтудың ең тиімді әдістерінің бірі болып кинезотерапия болып табылады.
Қорытынды. Аталған әдістер бұлшықеттер мен буындардың қозғалысына негізделген және
науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Бұл физикалық
белсенділікті сақтауға және қалпына келтіруге және мүгедектік деңгейін төмендетуге мүмкіндік
береді. Соңғы кезде ШС ауруын ПИТРС ем жүргізілгенімен, түбегейлі емдеу мүмкін емес. Ал,
оңалту бағытын дамыту басқа зерттеулер деңгейінен едәуір артта қалуда. Осыған орай
науқастарға кинезотерапия жаттығуларын жасау науқастарды емдеудің мақсатты симптомдарын

количество просмотров / 👁 41

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған