Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-94 бұйрығымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұйрықтағы өзгерістерге сәйкес ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізу жөніндегі құзыреті алып тасталды.

Аталған қызметті Бұйрық күшіне енгеннен кейін құзыретіне денсаулық сақтау технологияларын бағалау мәселелері кіретін уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК жүзеге асыратын болады.

Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Осы өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен кейін Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өтініш берушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамалық материалдарына бағалау жүргізуге шарт жасасуды тоқтатады.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады Құhttp://zan.gov.kz/client/#!/index/171303/kaz.

количество просмотров / 👁 919

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған