1. Беркинбаев Салим Фахатович — м.ғ.д., профессор, ҚазҰМУ кардиология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан кардиологтар қауымдастығының президенті, Еуропалық кардиология қоғамы президиумының мүшесі. H-Index 15
2. Датхаев Убайдулла Маханбетович — Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация институтының директоры.
3. Есиркепов Марлен Махмудович — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекшісі.
4. Жакипбеков Кайрат Сапарханович — PhD докторы, қауымдастырылған профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының меңгерушісі.
5. Исенова Сауле Шайкеновна — м.ғ.д., профессор, КазҰМУ Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі. H-Index 5
6. Испаева Жанат Бахитовна — м.ғ.д., профессор, Аллергология кафедрасының меңгерушісі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң сенат төрағасы, ҚР Денсаулық министірлігінде бас бала аллерголог. H-Index 18
7. Калиева Шолпан Сабатаевна — м.ғ.к., «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі. H-Index 5
8. Калмаханов Сундет Беркінұлы — м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы.
9. Камалиев Максут Адильханович — м.ғ.д., Қазақстан медицина университетінің денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, профессор «ҚДСЖМ». H-Index 2
10. Кодасбаев Алмат Турысбекович — м.ғ.к., Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры, доцент РАМ. H-Index 4
11. Кулмагамбетов Ильяс Райханович — м.ғ.д.,, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, академигі. Қазіргі қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты. H-Index 4
12. Кусаинов Абай Зкриевич — м.ғ.к., «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» АҚ басқарма төрағасы. H-Index 3
13. Локшин Вячеслав Нотанович — м.ғ.д., профессор, Алматы қаласы «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының басшысы, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті. H-Index 10
14. Негай Николай Анатольевич — м.ғ.д., «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Психиатрия» мамандығы бойынша жоғары білікті маман. H-Index 5
15. Нерсесов Александр Витальевич — м.ғ.д., профессор, эндоскопия курсымен гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, Қазақ бауырды зерттеу қауымдастығының төрағасы, Еуропа, Америка, Азия-Тынық мұхиты елдерінің бауырды зерттеу қауымдастығының мүшесі, Жапондық гепатологтар қоғамы. H-Index 13
16. Нургожин Талгат Сейтжанович — м.ғ.д., профессор, Қазақстандық ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА вице-президенті, биомедициналық ғылымдар бөлімінің төрағасы. H-Index 15
17. Нургужаев Еркын Смагулович — м.ғ.д., профессор, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры, Неврологтар қауымдастығының төрағасы. H-Index 2
18. Ракишева Анар Садвакасовна — м.ғ.д., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры. H-Index 2
19. Рамазанов Манас Ембергенович — м.ғ.д., профессор, №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері. Алматы қ. H-Index 2
20. Рамазанова Бахыт Аманулловна — м.ғ.д., профессор С.Д.Асфендияров атындағы КазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, Еуропалық клиникалық микробиология және жұқпалы аурулар қоғамының толық мүшесі (ESCMID), Клиникалық микробиология және микробқа қарсы химиотерапия бойынша аймақаралық қауымдастығының белсенді мүшесі (МАКМАХ), Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшесі. H-Index 2
21. Тезекбаев Канат Марденович — м.ғ.к., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы вице-президенті, Алматы қаласының бас травматологы, Алматы филиалының төрағасы. H-Index 3
22. Фахрадиев Ильдар Рафисович — PhD докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ғылым жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі.













