МИШЫҚ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Алынды: 05.04.2023 / Қабылданды: 07.04.2023 / Онлайн жарияланды: 31.08.2023
ӘОЖ 340.6
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2023.40.77.007

С.А. Мұсабекова1, К.Э. Мхитарян1, Х.Р. Абдикадирова 1, Р.М. Дусмаилов 1
1 «Қарағанды Медицина Университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан

МИШЫҚ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ
СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Түйін: Белгісіз адам денелері табылған кезде биологиялық жасты анықтау жаппай апат немесе табиғи апаттар кезінде маңызды, өйткені қайтыс болған кездегі жас, туған күні және қайтыс болған жылы, сондай-ақ жынысы тергеуге көптеген ықтимал сәйкестіктер арасында адамның жеке басын анықтауға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты: мишық қыртысының морфологиялық ерекшеліктерін қолдана отырып, мәйіттің биологиялық жасын анықтау мүмкіндігін зерттеу.
Материалдар мен әдістер: 18 мен 78 жас аралығындағы мәйіттердің мишық қыртысының тіндерінде
(N=235) зақымданбаған, патологиялық өзгерістер зерттелді. Молекулалық қабаттың қалыңдығы мен түйіршікті қалыңдығының арақатынасы өлшенді және иммуногистохимия арқылы орнатылған S-100 алмұрт тәрізді нейрондардың иммунонегативті ақуыздық пайызымен қорытындыланды.
Нәтижелер: Мишық қыртысының молекулалық және түйіршікті қабаттарының морфометриясына жүргізілген статистикалық талдау және иммуногистохимиялық маркер S-100 ақуызы жасына байланысты ерлер мен әйелдерде статистикалық маңызды айырмашылықтарды анықтады. Қартайған кезде ми
қыртысының молекулалық қабатының қалыңдығы төмендейді. Иммуногистохимия нәтижелері 60 жасқа дейінгі адамдарда S-100 ақуызының экспрессиясының болуын көрсетті 16,5±0,8% – дан 16,9±0,8%
– ға дейін алмұрт тәрізді нейрондардың жалпы санынан, жынысы мен жарты шарына байланысты
70 жастан асқан адамдарда бұл параметрлердің статистикалық тұрғыдан айқын өсуі 22,9±0,9% – дан
24,6±1,1% – ға дейін байқалды.
Қорытынды: Мишық қыртысының молекулалық және түйіршікті қабаттарының морфометрия параметрлерінің жасына байланысты өзгергіштігін S-100 ақуызының иммуногистохимиялық маркерін қолданумен бірге мәйіттің биологиялық жасын анықтауда маңызды және сот-медициналық маңызы зор.
Түйінді сөздер: сот-медициналық зерттеу, мишық қыртысы, биологиялық жас, сараптама.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ремизова АС, Ульяновская СА. К вопросу о методах идентификации личности. Современные проблемы науки и образования. 2020;6. DOI 10.17513/
spno.30382.
2 Mussabekova SА. Forensic Medical Capacities of Research of Saliva Stains on Physical Evidence after Washing. International Journal of Law and Political
Sciences. 2017;11(5):1123-1127. DOI:10.5281/zenodo.1130175.
3 Garizoain G, Parra RC, Escalante-Flórez KJ, Aranda CM, Luna LH, Condori LA. Age-at-death estimation in adults using three forensic methodologies: A
Lamendin’s technique approach for Latin American context and the extension of a forensic international dental database. J Forensic Sci. 2021;66:2456-2468.
DOI:10.1111/1556-4029.14805.
4 Кильдюшов ЕМ, Егорова ЕВ, Дворников АС, Делян ВА. Определение биологического возраста индивида в судебно-медицинской практике (обзор
литературы). Судебная медицина. 2020;6(3): 4-11. DOI: 10.19048/fm317.
5 Balandin AA, Zheleznov LM, Balandina IA, Balandin VA, Borodulin DV. Morphological characteristics of the cerebellar cortex at a young age and changes
in its cytoarchitectonics in opioid dependence. Sud Med Ekspert. 2021;64(2):18-22. DOI: 10.17116/sudmed20216402118.
6 Әділбек СӘ, Мусабекова СА. Қарағанды облысы аумағындағы суицид динамикасы. Медицина и экология. 2021;2(99):40-48.
7 Bethard JD, Berger JM, Maiers J, Ross AH. Bone Mineral Density Adult Age Estimation in Forensic Anthropology: A Test of the DXAGE Application. J Forensic
Sci. 2019;64:1125-1128. DOI:10.1111/1556-4029.13987.
8 Jazwinski SM, Kim S. Examination of the Dimensions of Biological Age. Front. Genet. 2019;10:263. DOI: 10.3389/fgene.2019.00263.
9 Paparazzo E, Geracitano S, Lagani V, Bartolomeo D, Aceto MA, D’Aquila P, Citrigno L, Bellizzi D, Passarino G, Montesanto A. A Blood-Based Molecular
Clock for Biological Age Estimation. Cells. 2023;12:32. DOI:10.3390/cells12010032.
10 Beltrán-Sánchez H, Palloni A, Huangfu Y, McEniry M. Modeling biological age and its link with the aging process. PNAS Nexus. 2022;1(3):135. DOI:10.1093/
pnasnexus/pgac135.

 

количество просмотров / 👁 1393

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған