ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФЛОРАСЫНЫҢ SAUSSUREA ТУЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Алынды: 23.06.2023/ Қабылданды: 09.12.2023/ Онлайн жарияланды: 29.12.2023
ӘОЖ: 615.322
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.45.95.032

А.Д. ҚАРЖАУБАЕВА1, К.К. ОРЫНБАСАРОВА1, Д.А. КОНОВАЛОВ2
1«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, ҚР, Шымкент қ.,
2«Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты» – Ресей Федерациясы Денсаулық
сақтау министрлігінің «Волгоград мемлекеттік медицина университеті» жоғары кәсіптік
білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің филиалы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФЛОРАСЫНЫҢ SAUSSUREA ТУЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ
ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Түйін. Түркістан облысында (Оңтүстік Қазақстан) өсетін және медицинада дәстүрлі түрде дәрілік
өсімдік шикізаты ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің екі түрінің элементтік құрамын зерттеу нәтижелері келтірілген. Элементтердің сандық құрамын анықтау үшін атомдық-абсорбциялық талдау әдісі қолданылды. Saussurea sordida Kar.& Kir.және Saussurea alpinа (L.) DC. жерүсті бөлігінің үлгілеріндегі он екі элементтің сандық құрамы анықталды. Өсімдік шикізатының ұсынылған түрлері адам ағзасына қажет микро- және макроэлементтердің маңызды көзі бола алады, бұл
әрі қарайғы зерттеулерге үлкен қызығушылық тудырады.
Бұл жұмыстың мақсаты Түркістан облысында жиналған Saussurea sordida Kar. & Kir. және Saussurea
alpinа (L.) DC.дәрілік өсімдік шикізаттарының элементтік құрамын анықтау болды.
Материалдар мен әдістер: Зерттеуді орындау үшін Saussurea sordida Kar. & Kir. және Saussurea
alpinа (L.) DC. өсімдіктерінің жер үсті бөліктерін қолданылдық.Бұл өсімдіктер тау бөктерінде орналасқан «ОҚМА» АҚ базасындағы экспедиция барысында жиналды (Географиялық картадағы орын:
Н 1153 М). М., N 42°12’10» E70°12’30»)Керегетас ауылы, Қасқасу ауылдық округі маңында(Saussurea
sordida Kar&Kir) және Сайрам шыңының аумағында биіктігі 3050 м, 19.08.2022, (Saussurea alpine (L.)
DC.) (жинау нүктесінің координаттары: Н 4236 М. М., N 42°30 ‘ 19 «E69°77 ’03»).
Нәтижелер мен талқылау: Зерттеу нәтижесінде Saussurea sordida Kar. & Kir. және Saussurea alpinа (L.) DC. өсімдіктерінің жер үсті бөліктері элементтік құрамы бойынша айтарлықтай ерекшеленбейтіні анықталды. Екі өсімдік түрінің сапалық және сандық элементтік құрамы жағынан ұқсас
болып келеді.Алынған нәтижелербойынша SaussureaL.туысның өсімдіктерінің түрлері микро- және
макроэлементтердің жоғары болуымен сипатталады. Олардың ішінде кальций, магний, калий және фосфор басым екенін атап өтуге болады.
Түйінді сөздер: Saussurea sordida Kar. & Kir., Saussurea alpinа (L.) DC., макроэлементтер, микроэлементтер, дәрілік өсімдік шикізаты,атомды-абсорбциялық талдау.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Микулич Е.В. Современные принципы лечения хронического остеомиелита // Вестник новых медицинских технологий 2232. №2 С. 382–386
2 Новомлинский В.В., Малкина Н.А., Андреев А.А., Глухов А.А., Микулич Е.В. Современные аспекты диагностики и лечения остеомиелита. Обзор
литературы // Современные проблемы науки и образования. 2238. №5. E. 322.
3 Бондарев, Л. Г. Микроэлементы – благо и зло / Л.Г. Бондарев. – М.: Знание, 2013. – 144 c.
4 Мария, Никитина und Людмила Попова Макро- и микроэлементы в почвах Архангельска / Мария Никитина und Людмила Попова. – М.: LAP Lambert
Academic Publishing, 2012. – 148 c.
5 Шоу, Д. М. Геохимия микроэлементов и кристаллических пород / Д.М. Шоу. – М.: Недра, 2013. – 206 c..
6 Гигиенические требования безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов. Санитарные правила и нормативы. СанПиН 2.3.2.1078-01 //
Бюл. нормативных и методических документов Госсанэпиднадзора. – М. : Федер. центр гигиены и эпидемиологии Роспотребнадзора, 2002. – 210 c.
7 Мартынов А. М. Фиалка песчаная – новый источник макро- и микроэлементов / А. М. Мартынов, Е. В. Чупарина // Сиб. мед. журн. – 2008. – № 3.
– С. 98–99.

количество просмотров / 👁 1105

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған