МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДА ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ МЕН ӨМІР САЛТЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ РӨЛІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 12.01.2024 Қабылданды: 04.06.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
УДК 616.43-056.52
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.14.50.009
А.А.Турманбаева1, Г.О. Нұсқабаева1, К.Ж. Садыкова1, Е.Ғ. Саруаров1, Д.Б. Неметова1, Д.Н. Айдарбекова1
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет1, Түркістан, Қазақстан
МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДА ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ МЕН ӨМІР САЛТЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ РӨЛІ
(ӘДЕБИ ШОЛУ)
Түйін: Қазіргі таңда медицинада метаболизмдік синдром өзекті мәселе болып қала береді және ол жыл сайын
жасару тенденциясында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары метаболизмдік синдромды «ХХІ
ғасырдың пандемиясы» деп сипаттады. Метаболизмдік синдром – ересек популяциялар арасында таралуы жоғары
және бүкіл әлем бойынша қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері үшін жоғары шығындары бар
кардиометаболикалық қауіп факторларының бірі.ДДҰ деректері бойынша ересек популяцияда МС жиілігі 20-40%
құрайды, ал келесі 20 жылда ол 50% артуы мүмкін. Mетаболизмдік синдромның жоғары жиілікте таралуына
байланысты оны ерте анықтауасқынулардыуақтылы алдын алуды үшін үлкен маңызға ие.
Зерттеудің мақсаты: метаболизмдік синдромның дамуындағы тамақтану бұзылыстарының, өмір салтының рөлін
зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жасау.
Іздеу стратегиясы. Әдебиеттерді шолу барысында PubMed, Medline, Google Scholar, Embase, Web of Science ғылыми
дерекқорларынан 2018 жылдан 2024 жылға дейін жарияланған мақалалар талданды. Іздеу үшін «метаболикалық
синдром», «семіздік», «гиподинамия», «тамақтану тәртібі», «тамақтану режимі», «салауатты өмір салты» кілт сөздері
қолданылды.
Ғылыми мақалаларға талдау жасау барысындаметаболизмдіксиндромы бар адамдардың тамақтану тәртібі және
өмір салты бұзылыстарының байланысы бар екендігі анықталды.
Метаболизмдік синдромның (MС) анықтамасы оның әмбебап критерийлерін белгілеудегі қиындықтарға
байланысты жылдар бойы бірнеше өзгерістерге ұшырады. Аталған синдроммен тығыз байланысты асқынулары
жүрек-қан тамырлары аурулары және 2 типті қант диабеті болғантықтан,реттелетін факторлар ретінде тамақтану
тәртібі мен өмір салтын модификациялау арқылы метаболиздік синдромы бар науқастарды жеке ерекшеліктерге
бағытталған персонализацияланғантактика және асқынуларын алдын алу өзіндік септігін тигізеді.
Түйінді сөздер: метаболизмдік синдром, семіздік, гиподинамия, тамақтану тәртібі, диета, салауатты өмір салты

количество просмотров / 👁 18

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған