ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨСЕТІН САСЫҚ ҚУРАЙ (FERULA ASAFOETIDA L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

Алынды: 24.02.2024 Қабылданды: 04.06.2024 Онлайн жарияланды: 29.06. 2024
УДК 615.451. 16-07(574)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.61.64.030
К.С. Жакипбеков1, Н.А. Рахымбаев1, С.Е. Момбеков1, А.Б. Джумагазиева2, Н. Е. Конаш1
1«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
2«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ
Алматы, Қазақстан
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨСЕТІН САСЫҚ ҚУРАЙ (FERULA ASAFOETIDA L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ
МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ
Түйін. Бұл мақалада Түркістан облысында өсетін сасық қурайдың жер үсті және жер асты бөліктерінің анатомиялық
зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеудің мақсаты сасық қурай өсімдігінің жер үсті, жер асты бөліктерін анатомиялық
зерттеу және өсімдіктің диагностикалық белгілерін сәйкестендіру болып табылады. Сасық қурай өсімдігінің
химиялық құрамы өте бай және қабынуға қарсы, микробқа қарсы, диабетке қарсы, антисептикалық, ас қорытуды
жақсартатын қасиеттерге ие. Бұл өсімдік еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында кеңінен таралған. Зерттеу
жұмыстары А2098 маркалы «Альтами» микроскобы көмегімен жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша
микроскопиялық деңгейде анықталған диагностикалық белгілері өсімдіктің климаттың құрғақ жағдаи ларына
төзімділігін көрсетеді.
Кілт сөздер: сасық қурай, Ferula asafoetida, микроскопиялық талдау, жер үсті бөліктері, тамыр, диагностикалық
ерекшеліктері.

количество просмотров / 👁 841

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған