ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХРОМ ЖӘНЕ БОРМЕН ЛАСТАНУЫНЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Алынды: 10.01.2024/Қабылданды: 15.07.2024/Онлайн жарияланды: 29.10.2024
УДК 504.5:614.7
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.10.47.020
Г.А. Бердешева, Г.С. Жолмуратова, Б.А. Капсалямов, Н.М. Кереева, А.С. Жубаниязова, Э.Д.Хайруллина,
А.Б. Туляева, З.К. Кыстаубаева
1,2,4,5,6,7Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ Актобе, Қазақстан Республикасы
3 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Нур-Султан, Қазақстан Республикасы
8Астана медицина университеті КеАҚ Нур-Султан, Қазақстан Республикасы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХРОМ ЖӘНЕ БОРМЕН ЛАСТАНУЫНЫҢ АҚТӨБЕ
ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Түйін. Ақтөбе өңірінде хром және бормен ластану қоғамдық денсаулыққа елеулі қауіп төндіріп отыр. Қазіргі таңда
бұл өңір, маңызды өнеркәсіптік орталық, өзекті экологиялық проблемалармен бетпе-бет келеді. Хром, әсіресе алты
валентті хром (Cr (VI)) түріндегі, онкологиялық ауруларды қоса алғанда, әртүрлі ауруларды тудыратын белгілі
канцероген болып табылады. Жоғары концентрациядағы бор жүрек-қан тамыры жүйесіне, бүйрекке және
репродуктивті функциясына теріс әсер етеді.
Ақтөбе қаласы ауданындағы Елек ластану полигоны осындай ластанудың айқын мысалы болып табылады. Жетпіс
жылдан астам мұнда өнеркәсіп қарқынды дамып келеді, бұл жерасты және өзен суларының алты валентті хроммен
едәуір ластануына алып келді. Зардаптарды жою жөнiндегi күш-жiгерiне қарамастан, ластану әртүрлi онкологиялық
ауруларды туындатып, халықтың денсаулығына терiс әсер етуiн жалғастыруда.
Бұл мақалада хром мен бордың Ақтөбе өңіріндегі халықтың аурушаңдығы мен өліміне әсері қарастырылады.
Зерттеу аймақ тұрғындары арасында өкпе, тері, бауыр және асқазан қатерлі ісігі сияқты онкологиялық аурулардың
жоғарылауы анықталды. Сонымен қатар, науқастардың жас және жыныстық сипаттамалары туралы мәліметтер
келтірілген. Ықтимал себептер, соның ішінде экологиялық факторлардың әсері де қарастырылған. Ластану
деңгейін бақылау және төмендету бойынша іс-шаралар, сондай-ақ медициналық бақылауды оңтайландыру және
аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленді. Нәтижелері бойынша онкологиялық аурулардың қаупін
азайту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін кешенді тәсілдің қажеттілігін айқындайды.
Түйінді сөздер: денсаулық, аурушаңдық, обыр, қоршаған орта, бор, хром, өлім –жітім, экология.

количество просмотров / 👁 10

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған