МЫСТЫҢ АҒЗАҒА ЖӘНЕ БАУЫРҒА УЫТТЫ ӘСЕРІН СОРБЕНТТЕРМЕН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ШОЛУ

Алынды: Қабылданды: Онлайн жарияланды: 29.10.2024
ƏОЖ 616. 36 – 092. 9:613. 633
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.91.50.015
Х.Р. Абдикадирова1, К.Е. Амреева1, К.Э. Мхитарян1, Н.К. Омарбекова1
1 Қарағанды медицина университеті , Қарағанды қ, ҚР
МЫСТЫҢ АҒЗАҒА ЖӘНЕ БАУЫРҒА УЫТТЫ ӘСЕРІН
СОРБЕНТТЕРМЕН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ШОЛУ
Түйін: Мақалада өндіріс, өнеркәсіп орындары мен басқада көздерден шығатын шаң құрамымен бірге түсетін ауыр
және түсті металл тұздары – кәсіптік және қоршаған ортаны ластап қана қоймай, адам ағзасына зиянды және кеселді
салдары бар туралы жазылған.
Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде, улы ауыр металл тұздары әсер еткенде пектинді сорбент ретінде тәжірибе
жүзінде қолданып, нәтижесінде тимділігі төмен көрсеткішке ие болған. Себебі пектин сумен белсенді әрекеттесетін
сорбент болғандықтан, суда еритін уларды шығаруға ғана қабілетті. Демек ішекте улармен байланысқа түсетін және
ішектегі улардың қайта сіңірілуіне кедергі жасайтын, олардың ағзадан шығарылуына ықпал ететін әртүрлі
энтеросорбенттерді қолдану тиімді.
Бұл мәселені шешудің жолының бірі, металдарды асқазан – ішек жолдары арқылы шығару үдерісін пайдалану.
Металдардың реобсорбциясы тоқтатылған жағдайда, олардың ішек арқылы шығарылу тиімділігі арта түседі. Бұл
үшін ішектегі улы заттар мен бірқатар метаболиттерді сорбциялау үдерісі қолданылатыны белгілі. Соның
нәтижесінде этиологиясы әртүрлі патологиялық үдерістердің ағымы тиімді бағытта реттеледі және улы заттар да
сыртқа шығарылады.
Зерттеу мақсаты: сорбциялық заттарды қолдана отырып мыстың ағзаға және бауырға уытты әсерін төмендетуге
арналған әдебиеттерге талдау жасау.
Материалдар мен әдістер: Ақпаратты талдап, салыстып ғылыми деректердің негізгі сипаттамалары анықталды.
Жинақтаған эксперименттік деректеріміз арнаулы тағамның профилактикалық және антигепатоуыттық қасиетке
ие, өйткені құрамы антиоксиданттық әсерге бай алмастырылмайтын аминоқышқылдар мен май қышқылдарынан,
тағамдық талшықтардан, витаминдерден, минаралдық заттардан тұрады.
Осылайша, полиметалл шаңының құрамындағы мыстың жалпы ағзаға және бауырға гепатоуытты әсерін азайтуға
бағытталған әдеби ғылыми дереккөздерден алынған мәліметтер алуан түрлі. Сондықтан, ағзадан уытты заттарды
шығарудың тиімді тәсілі алмиентарлық коррекцияны қолдану.
Түйінді сөздер: Мыс, Уыттылық, Бауыр, Хелатоқұраушы агенттер, Детоксикация, Ауыр металдар, Қоршаған ортаның
ластаушылары, Бауыр аурулары, Ішекте сіңірілу, Адсорбция, Сорбенттер, Тотығу стресі, Антиоксиданттар,
Энтеросорбция, Уыттық кинетика

количество просмотров / 👁 87

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған